Мәжіліс сайлауы қалай өткізілетіні белгілі болды
Қазақстан Орталық сайлау комиссия төрағасы Берік Имашев депутаттар сайлауын онлайн - режимде өткізбейтінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- "Сайлау процесі "Сайлау туралы" заңмен реттеледі және осыған байланысты бізде онлайн-дауыс беруге қатысты сұрақ болған жоқ. Бұл сайлауды әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдермен өткізетін боламыз, яғни біздің сайлаушылар үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңалық болмайды", - деді Берік Имашев ОСК отырысында.