Әлеуметтік салаға ақша жұмсағысы келмейтін әкімдер бар

28-006.jpg

Мемлекеттік саясаттың басты бағыты - халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту. Бірден айтайық, облыс бойынша осы салада айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар. Әуелі статистикалық деректерді келтірейік. Былтыр Оңтүстікте  18977 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздықтың деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама төмендеп, жұмыссыз жүргендердің  саны 67,7 мың адамды құрап отыр. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың саны соңғы бір жылда 22 пайызға төмендеп, 25 300 адамды құраған. 

Дегенмен, әлеуметтік салаға өз деңгейінде көңіл бөлмей жүрген аудандардың барын  да жоққа шығармаймыз. Бұл жайлы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқа мәжілісінде белгілі болды. Басқарма бастығы Мұхит Әлінің сөзіне сенсек, кейбір атқамінерлер  халықты жұмыспен қамту үшін қаралған бюджеттің қаржысын басқа салаға жұмсағанды жөн көреді. Сонымен қатар, жекеменшік кәсіпорындарда еңбектеніп жүрген азаматтардың табыстарында айтарлықтай  айырмашылық бар. Мысалы, Сайрам ауданында  орташа жалақы 68380 теңгені құраса, Қазығұрт пен Мақтарал аудандарында бұл көрсеткіш 30-33 мың теңгеден аспай тұр. Соңғы кездері Қазығұрт ауданы рейтингісін өсіруге күш салып жатқаны байқалады. Онысы дұрыс, әрине. Дегенмен, елдің жалақысы өспесе бұл рейтингтің пайдасы не? Мамандардың пікірінше, жергілікті  атқарушы билік белсенділік таныта білсе, көп мәселені шешуге болады. Сайрамда жұмысшылардың еңбек құқы мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында 290 кәсіпорынмен арада меморандум түзіліп, нәтижесінде еңбеккерлердің жалақысы анағұрлым өскен. Ал 300 мың халқы бар Мақтарал ауданында  дәл осындай меморандумға тартылған кәсіпорындардың саны 35 құраса, Қазығұрт ауданында  13-ке әрең жетіпті. «Бұл құжаттар өз деңгейінде түзілетін болса орташа жалақы ғана өсіп қоймай, жұмыс күшін пайдалану тиімділігі де арта түсер еді», деп есептейді басқарма бастығы М.Әлі. 

Жалақының төмендігі өз алдына, сол азын-аулақ айлығын уақытылы ала алмай  сергелдеңге түскендердің  де саны аз емес. Басқарма тарапынан қолға алынған іс-шаралардың нәтижесінде 2010 жылдың басында қалыптасқан 200 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарызы қазір 64 миллион теңгеге дейін төмендеді. Алайда Кентаудағы жағдай қатты алаңдатады. Мұндағы төрт ірі кәсіпорында жалақы қарызы азаюдың орнына арта түсіп, 52,7 миллион теңгені құрап отыр. Мұхит Әлінің дерегіне сенсек, облыста әлеуметтік көмек алушылардың үштен бір бөлігі – жұмысқа жарамды азаматтар. Солай бола тұра олардың үлесін азайту бағытында кейбір аудандар жеткілікті деңгейде жұмыс атқармауда. 

Мүгедектерді оңалту ісінде де кемшіліктер  шаш етектен.  Облыста мүгедектердің саны жылдан жылға көбейіп жатқандықтан, бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де ұлғаюда. Алайда, сауықтыру орындарына беріліп жатқан жолдамалар тым аз.  Ордабасы ауданында 10,  Қазығұрт пен  Шардара аудандарында  небәрі 4 жолдама берілсе, кентаулық  мүгедек жандарға бірде-бір жолдама бұйырмапты.  Жалпы, әлеуметтік бағдарламалардың орындау бойынша рейтингтің соңғы орнында Кентау қаласының жайғасқанын атап өткеніміз абзал. Есеп беру жиынына қатысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов рейтингтің нәтижелері бойынша жауапты қызметкерлердің қызметке лайықтылығын қарау қажеттігін шегелеп айтты. 

oinet.kz мұрағатынан

 b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

 

  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: