Білім – XXI ғасырдың жақұты. Технологияның дамуы ескі, көне білім алу әдістерін жаңа бағытқа өзгертті. Қатарластарын басып озу бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің қарқыны да сол секілді жылдамдап келеді. Бұдан шығудың бір ғана жолы бар – өзін-өзі дамыту. Жаңашылдыққа ұмтылу ешқашан адамды жерде қалдырған емес. Пәнаралық интеграция немесе кірігу – заман талабы. Адам жан-жақты болуы тиіс. Текі тілдермен немесе жаратылыстану бағытымен шектеліп қалу бұрынғыдай жеңіл емес. 5 сағат ережесі деген не? Бұл ереже – өзін-өзі дамытудың үздіксіз жүйесі ғана емес, негізгі талабы – аптасына адам кем дегенде 5 сағатын оқуға, ойлауға, тәжірибеге жұмсау. Классикалық үлгіде, әрбір жұмыс күнінде 1 сағат өзіңізді дамытуға арнайсыз. Аптасына 112 сағат адам ояу жүреді (8 сағат ұйқы), ал бұл сағат небәрі 4,4%-ды ғана құрайды. Тамаққа да кем дегенде осындай уақыт жұмсаймыз. Кітап оқу: Кітап оқуды дағдыңызға айналдырыңыз. Өзіңіз оқуға тиісті кітаптардың тізімін жасаңыз және күніне кем дегенде 20 минут жұмсауды ұмытпаңыз. Сараптау: Оқыған кітап, естігін оқиға, көрген нәрселеріңізбен жаныңыздағы адамдармен бөлісіңіз. Олармен кеңесуді ұмытпаңыз. Әсіресе, әр түрлі адам ойын білу сіздің жан-жақты бола түсуіңізе септігін тигізеді. Сүйікті ісіңіз: Тігу, сурет салу, тоқыма болса да күніне 20 минут соған уақыт бөліңіз. Өйткені, қалыптасқан дағдыларды дамытпасаңыз, бір орыннан жылжу мүмкін емес.
Дереккөз: massaget.kz