Фэн-шуй бойынша маникюр жасау

image_l (5).JPG

Фэн-шуйдің негізгі мақсаты – мәселелердің шешімін тауып, әлеммен үйлесімде болу. Фэн-шуй мамандары маникюрге қажетті техниканы таңдауға да кеңестер ұсынады. Әлеммен және адамдармен үйлесімді өмір сүру үшін сыртқы және ішкі дүниенің бірігуі керек. Маникюр түсі адамның ішкі дүниесін және мінезін білдіреді. Фэн-шуй бойынша, стихияның бес түрі бар: жер, су, металл, ағаш және от.

 "Металл" стихиясына туған жылы 0 немесе 1 санымен аяқталатын адамдар жатады. Мұндай адамдарға ақ, күміс немесе қызғылт түс сай келеді. Безендіру үшін моншақ, жылтырақ және жұқалтыр қолдануға болады.

 Егер туған жылының соңғы саны 2 немесе 3 болса, онда "су" стихиясы болғаны. Көк немесе перламутур реңкті лак болғаны дұрыс. Суға қатысты кез келген декормен (інжу, толқынның суреті) безендіруге болады.

 "Ағаш" стихиясы адамдарының туған жылының соңғы саны 4 немесе 5 саны болып табылады. Оған табиғатқа тән барлық түстер (жасыл және қоңыр реңктер) кіреді. Мұндай маникюрге бұтақ, гүл, көбелек және құстардың суретін салуға болады.

 Егер туған жылыңыздың соңғы саны 6 немесе 7 болса, "от" стихиясына жатасыз. Қызыл түстің барлық реңктерін қолданыңыз. Маникюрді жылтырақтармен және күннің суретімен безендіруге болады. 8 немесе 9 санына "жер" стихиясы сәйкес келеді. Маникюрге табиғи түстерді (сарғыш, қоңыр, қара, нюд) қолданған жөн. Оны жануарлар мен өсімдіктердің суретімен немесе принтімен безендіруге болады. Нюд маникюрі



Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: