Баланың тілін қалай дамытуға болады?

image_l.jpg

Америкалық ғалымдар классикалық музыка баланың тілін дамытуға көмектесетінін мәлімдеді. Мамандар бұндай мәлімдемені 9 айлық 39 баламен жүргізген зерттеуінен соң жариялады.  Бүлдіршіндер екі топқа бөлінді: 20-сы тәжірибелік топқа, 19-ы бақылау тобына кірді. Тәжірибелік топ 15 минуттан музыка пәнінен 12 сабақ алды. Ал келесі топ танымдық сабақтарға қатысты, бірақ ешқандай музыка тыңдамады. Тәжірибелік топтағы балалардың ми белсенділігі бақылау тобындағыларға қарағанда анағұрлым белсенді болып шықты.  Тәжірибелік топтың бүлдіршіндері музыка ырғағының ритміне және сөзіне, ондағы өзгерістерге аса мән берді. Сондықтан да мамандар музыка тіл дамытуға септігі тиеді деген қорытынды жасады. 



Дереккөз: alashainasy.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: