Өмірді қалыпқа келтіретін шектеулер

image_l (10).jpg

Біз өзіміздің көп нәрседен шектемеуге тырысамыз. Әдемі киініп, дәмді тамақтанып өмір сүруді қалаймыз. Дегенмен, кейде шектеудің болғаны артық етпейді. 

1. Тамақтан шектеңіз: Дастархан толы тамақ – тоқтықтың белгісі. Бірақ, алдымызда тамақ тұр екен деп оны үздіксіз жей беруге де болмайды. Барлығы адамның өзін қалай басқаратындығымен байланысты. Егер кез келген мәселеге саналы түрде қарай бастасаңыз, өзіңіздің қателігіңізді түсінетін боласыз.   

2.Бір жылдық мақсатыңызды шектеңіз: Орындалмайтын он мақсаттан гөрі, қол жеткізуге болатын үш мақсат әлдеқайда тиімді. Бірнеше іспен айналысып жүріп, ағылшын тілін үйренуге қанша рет тырысып көрдіңіз. Сондықтан, барлық істі ығыстырып қойып, бір мақсатқа қол жеткізіп алыңыз. Бір уақытта бірнеше шыңды бағындырамын деп жүргенде сізде уақыт та, қуат та қалмайды. Нәтижесінде құзға құлайсыз. 

3. Жасалуы тиіс әрекеттер тізімін тек маңызды заттармен шектеңіз: Стивен Ковидің уақытты басқару матрицасын білесіз бе? Ол жерде төрт шаршы қолданылады: әр шаршыға маңыздылығы мен уақытына байланысты жасалауы тиіс әрекеттер жазылады. Мысалы, бірінші шаршыға дереу әрі өте маңызды нәрсе, екіншіге маңызды, дегенмен асығыстықты керек етпейтін заттар жазылса, екі шаршыға аса назар аударуды керек етпейтін істер тізімі жазылады.   

4. Әр іске бөлетін уақытты шектеңіз: Мысалы, үй тапсырмасын сағат 21:00-20:00 аралағында орындаймын деген мақсат қойыңыз. Ендеше, осыған бөлетін бір сағатыңызда басқаны ұмытыңыз. Одан бөлек, арнайы уақытты шектеу арқылы тапсырманы уақытылы аяқтауға дағыдаланатын боласыз.

 5. Жұмыс уақытын шектеңіз: Өнімділік пен жұмыс уақытының арасында өзара байланыс бар. Басында уақыт артқан сайын, өнімділік артса, кейін асқан жылдамдықпен төмендей бастайды.  Оның себебі, көп жұмыс істеп, аз демалатын адам ағзасы сыр бере бастайды. Күйзеліс, шаршау, адамдармен қарым-қатынастағы қиындықтар, дерттердің қабынуы туады. Сондықтан, нәтижеге қол жеткіу үшін уақытылы дем алу керек. 

6. Заттарды шектеңіз: Алдымен, сізде қандай заттың көп екеніне назар аударыңыз. Киім, ыдыс, аяқ киім немесе кеңсе тауарлары. Оларды азайтыңыз және оған артық шығындалмауға тырысыңыз. Тек кітаптарды шектемеңіз.
Дереккөз: massaget.kz



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: