Ата-ана ажырасқанын балаға қалай түсіндірсе болады?

392-1476212690-cf25724e57.jpg

Ерлі-зайыптылар отбасы мәселесінен құтылу барысында «ажырассақ барлығы  шешіледі» деп ойлайды. Расымен, бір-біріне сай келмесе жан тыныштығын табуы әбден мүмкін, десе де ортада бала болса, міне, үлкен мәселе қайда жатыр. Керісінше, ажыраса отырып, осы тұрғыда  бала болашағына балта шабуыңыз да ықтимал. Тақырыпқа тиек етіп отырғанымыз да осы жағдай, оқырмандардың  бірталайын  бұл  мәселе алаңдатады, айта алмайды, батылы жетпей, ақырында, балаға салмақ түседі. Anabol.kz тақырып төңірегінде психолог кеңесін назаларыңызға ұсынбақ. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

Әрине, екі бөлек кеткенде екеуінің ғана жағдайын ойлап, ортадағы бала бұдан үлкен зиян шегетінін ойламайды.

  • Бала  егер ес біліп қалған болса  оған ауырлық түспеу үшін қандай жағдайды да ашып айтқан дұрыс. Бала да болса өзін ересектерше сезініп, барлығын жақсы қабылдайды. Мүмкін болса өтірік айтпау керек. Әрине, бұл жерде  баланың ойы жетпейтін, жарыңыз екеуіңіздің араңыздағы түсініспеушіліктің барлығын тізіп шығудың қажеті жоқ.

  • Содан соң балаға әкесін не анасын  жамандаған да дұрыс емес. Егер балаңыз әлі сәби болса өзі қашан сұрағанда ғана айтарсыз.

  • Мектепке дейінгі  балаларға: «Әкең енді бізбен   бірге тұрмайды, бірақ, саған келіп тұрады, қанша қаласаң, сонша уақыт кездесе аласың» деп ашық түсіндірген жақсы.  Кейбіреулер, «Әкең ұзақ іссапарға кетті, немесе бірнеше күнге басқа қалаға кетті» деп айта салуды оңай көреді. Соны естіп алған соң қашан әкесі келгенше  сарғайып күтіп, ол қайтадан келетінін естігенде бала жүрегіне ауыр тиюі мүмкін.  Сондықтан, ол әуел батсан әкесінің енді бірге тұрмайтынына  өзін сендіріп өсу керек.

  • Балаңыз жасөспірім шаққа келсе де оған ажырасудың барлық себеп-салдарын түсіндірудің, әкесінің  (не анасының) жұбайына берген уәдесіне тұрмағанын, адалдықты  сақтамағанын айтудың да бұл арада реті болмас.  Күйеуіңіздің  (немесе әйеліңіздің) сізге опасыздық  жасағанын да айтпағаныңыз абзал.  Өйткені, балалар «неге?»  деген сауалды қояды ғой. Оны қалай түсіндіресіз. «Әкең жаман, оның жөнсіз қылықтары үшін үйден қуып жібердім, енді кіргізбейміз» дейсіз бе? Әкесін жақсы көретін  бала бұл жауапты қабылдай алмайды. Бала әке-шешесі  ажырасқан  күннен бастап, оны алдағы күні  не күтіп тұрғанын  әкесі оған  қанша уақытқа келе алатынына  дейін нақты біліп жүруі тиіс.

  • Балаға бір рет емес, бірнеше рет ата-анасына қажет екенін айтып түсіндіру керек. Ата-ананың көбісі  балаға әкесімен не үшін ажырасқанын айтқысы келмеген сайын  бала әрнәрсені бір ойлап қинала беретінін  де есте ұстағайсыз. Кішкентай ғана жүрегіне  үлкен күш қиындық түсіреді. Егер  бала ата-анасының ажырасқанының себебін санасы жететіндей дәрежеде түсінсе онда қиналмайды.Баламен асықпай отырып сөйлесіңіздер. Яғни, ерлі-зайыптылардың жұбы жараспаса  екі бөлек тұруларына да болатындығын,бірақ, олар ешқашан балаларымен  ажыраспайтындығын түсіндіріңіз.

Ал әке үйден  кеткенімен баласымен арақатынасты  дұрыс сақтағаны дұрыс. Балаға келіп тұратынын, оны үнемі ойлап жүретінін, жақсы көретінін, сағынса хабарласуға  болатынын айтсын. Өйткені, сіздердің ажырасуларыңызға бала кінәлі емес.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: