Қызым болсаң-қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң-ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе,есі жоқ,ей,дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
М.Мақатаев
Шындығында, баланың шыр етіп өмірге келуі-зор қуаныш. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан. Өйткені, «ұрпағымен мың жасайтынын» жақсы білген.
Иә жаңа туылған сәби тап-таза,ақ парақ секілді.Оған не жазылатыны,қалай жазылатыны ата-анасына байланысты.Сол себепті ұрпақ тәрбиесі-қай кезде де ең өзекті тақырып.Бүгінде біз бала тәрбиесіне қалай көңіл бөлудеміз,бала бақытын сездіре алып жүрміз бе?Бала қуанышының маңызы балаңыз бақытты деп ойлайсыз ба? Ал бала дегеніміз-тылсым дүние.Осы тылсым дүниенің сырына қаныға түссек,оған үйретілетін нәрселерді дұрыс кезекке қою да жеңілдеу соғады.Егер баланы өз қабылдау деңгейіне үйретсек,кішкене кезінен дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады.Ал егер керісінше ой-пікірмен санаспай,үйреткіміз келген жайттарды жөн-жосықсыз тықпаласақ,онда баламыздың болашағына балта шапқан боламыз.Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани білу қажет. Бала тәрбиесіндегі маңызды мәселенің бірі,балаларын құрбыларына жамандау,сосын құрбысы өз баласын мақтаған кезде өз баласы есіне түсіп,баласына деген сезімі басқаша бола бастайды.Үйге келген соң баласынан өшін алады.Елдің баласы жақсы, сенің жүрісің болса мынау деген, сияқты сөздермен олай болмайды анасы.Әрине әр ана өз баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді,тек ондай сөздермен ешнәрседе шешілмейді.Балаңыз жақсы болсын десеңіз жақсы өнегелі тәрбие көрсетіңіз.
Балаңызға бақыт сыйлап, үнемі жадырап жүрсін десеңіз төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.
Балаңыздың ойынына мән беріңіз.
Үйіңізден үнемі береке төгіліп тұрсын десеңіз күліп жүруге тырысыңыз.
Балаңызыдың жадырап күліп жүргені қандай тамаша десеңізші,содан артық бақыт барма өзі.
Балаңыздың айтар сөзіне мән беріңіз.
Баланы кішкене күнінен бастап,жақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.
Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.
Балаңызды мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз.
Отбасының шаттыққа бөленуі,от анасына байланысты ал ер азаматы қорғанышы ғана.
Жылулықты да сездіретін әйел адам,бақытты отбасын шат-шадыман шаттыққа бөлейтін анасы,мен баласы.Ал сол отбасының шаттыққа бөленуі анасы мен әкесінің қолында.
Баланың бақытты болуы,анасы мен әкесіне байланысты.Сонда ғана бала да бақытты болады.
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп,қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бала болған үйде шаттықта, қуанышта болады. Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да, қызықтырмай қоймайды.
Бала бақыт,бала шаттық бауыр етің, іштен шыққан жаның мен жүрегіңнің бір бөлшегі.
Өйткені,бала-өмірдің сәні,отбасының шаттығы,Құдай тағаланың берген сыйы,аманаты.
Дереккөздер: Исламдағы бала тәрбиесі Қ.Бағашар.
Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы