Келін шам шырақ

173-1476223667-edeedb4c3d.jpg

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

.......

Екі жақсы қосылса,

Ай мен күндей жарасар.

Екі жаман қосылса,

Ырылдасар, таласар

.......

Ағайын тату болса, ат көп.

Абысын тату болса, ас көп.

.......

Жігіттің атын қатын шығарады,

Қатынның атын отын шығарады.

.......

Жақсы әйел - ырыс,

Жаман әйел - ұрыс.

.......

Келіннің аяғынан,

Қойшының таяғынан.

.......

Жақсы болса қатының,

Келіп тұрар жақының.

Жаман болса қатының,

Басыңнан кетер ақылың.

.......                                                                                               

Жаман келін мыңқылдап жүріп билейді,

Жақсы келін сыңқылдап жүріп билейді.

 (Мақалдар)

 

Тілі ащы бекке тигенше, өмір бойы тұл қалған жақсы.

М.Қашқари

 

Әйелдің жалғыз артықшылығы бар: ол-дақ түспеген ары.

Ж.Баласағұн

 

Күйеуіне ренжіген әйел қазының сөзіне қарап татуласпайды.

С.Сараи

 

«Тәрбиелі әйелдер жастары үлкен болсын, кіші болсын, бәрібір, өз күйеулерінің сырын басқаларға ашып, кем-кетігі жайында, әңгіме қылмайды»

Р.И.Фахруддин

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: