Ғашық жандарға кеңес

100-1476218092-8bc9f49221.jpg

Бар ма екен табиғаттан нәзік нәрсе,

Тоймайды адам жаны оған мүлде.

 Сырлассаң сүйгеніңмен емін-еркін,

     Жүрегін «сен сақта!»деп саған берсе.

                                         Иса Байзақов

 

 Екі жанды бір-біріне ынтықтыра түсетін, ғашықтық сезімі отты алау секілді,өшуі қиын болса да, шоғы жүректе қалатын мәңгілік сезім.

 

Ендеше ғашық жандарға ұсынар кеңестер:

  • Сүйген жанды ренжітпеуге тырысыңыз.

  • Шын сүйсеңіз айтыңыз,қатты жақсы көрсеңіз құшақтаңыз.

  • Құшақтау арқылы адам жаны жылынады әрі,қарай сағыныш секілді сағынып тұрасыз.

  • Ренжітуге жағдай жасамаңыз.

  • Жібектей жұмсақ сөз, тас жүректі де жібітеді.

  • Жұмсақ болуға тырысыңыз.

  • Сізді құрметтеп сүйсін десеңіз,сізде сондай жағдай жасауыңыз шарт.

  • Махаббаттың да, адамның өмірі секілді,өзінің даму заңдары,өзінің өмір жасы болады.Оның да құлпырған көктемі,жалынды жазы,ақырында:кейбіреулер үшін шуақты,нұрлы да жемісті,екінші біреулер үшін сұп-суық,шірік те жұтаң күзі болады. (В.Г.Белинский)

  • Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған.Егер қисық қабырғаны түзетем десең,сындырып аласың.Сондықтан онымен ұғынысып өмір сүр,сонда бірге тұра аласың. (Хадистерден)

  • Егер ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің құлқын,әдеттері мен мінездерін біліп алмаса,некенің бақытты болуы мүмкін емес. (О.Бальзак)

  • Құшақтау арқылы арадағы салқындықты шешуге болады.

  • Айтар сөзіңіз болса айтыңыз,тек жан жүрегіне ауыр тимесін.

  • Сыйлық жасап тұрыңыздар,арада сыйластық пен жылуылық пайда болады.

  • Сізді ренжітсе үндемеуге тырысыңыз,үндемеу даналықтың белгісі.

  • Арсылдап ұрыс ідеп тұратын қыздарды ер жігіттер ұната бермейді.

  • Әйел заты болып жаратылғандықтан нәзік болуға,ұялшақ болу өз табиғатынан.

  • Ер жігіттер атыңызға да мән береді,өз атыңызға затыңыз сай болсын.

  • Сүйген жаныңызға ерекше аттар ойлап табыңыз,жаным,күнім деген сөздерден ерекшесін.

  • Шын сүйсеңіздер соңына дейін бірге болыңыздар.

  • Адалдық адал махаббат, әр жанға қымбат асыл болып табылғандықтан адал болыңыздар. Адалдық-ерлі-зайыптылар ауызбіршілігінің айқын белгісі. (Д.Фонвизин)

  • Сүйген жанды қалтасына қарап емес жүрегіне қарап бағалаңыз.

 

 

Дереккөзі: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы Әдептану

Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: