Жақсы келін атанғыңыз келсе... Психолог кеңесі

251-1476212479-a0b8542e15.jpg

«Жақсы келін-келін. Жаман келін-өлім»

 «Жақсы жерге келген келін-келін, жаман жерге келген келін - келісап» демекші келіннің қандай болуы барған жеріне де байланысты. Десе де, өзге шаңыраққа барғанда қыздың көргендігіне, ісіне, ақылына қарап ата-анасы берген тәрбиесі жақсы болса алғыс, жаман болса нәлет айтып жатады. Бірақ, кімде-кім болсын баласын жаман болсын демейтіні шындық. Қыз-өз елінің айнасы. Ендігі отбасыңның намысын құлатпай, ұятқа қалдырмау сол қыздың қолында. www.anabol.kz психолог Күлмаш Елшібаеваның өмірлік тәжірибеден өткен бірнеше кеңестерін ұсынады.

Біріншіден, әрбір келін от басына, ата-анаға, отанға, халыққа өзінен үлкенге деген сый-құрметпен, еңбегімен, қоғамға қосқан үлесімен қадірлі екенін жақсы түсінуі керек. Алдымен әйел үй ішіне, ауыл-аймаққа , елге өз қадір-қасиетін көрсете білгені жөн.

Екіншіден, әйел-ақ босағаның аруы, үлкен шаңырақтың береке құты. Оның мейірбан жүзі, парасат-ақылы, сырбаз мінезі қандай жанды болмасын баурамай қоя алмайды. Жарының тілін таппаған, қадірін білмеген әйелдің бақытты болуы мүмкін емес. Әйел қауымы мұны әрқашан есте сақтағаны дұрыс.

Ғашық болып қосылған екенсің, жарыңа қалтқысыз беріл, күндіз де, түнде де оның ойынан шық, бос уақытыңды жарыңа жұмса, осы арқылы оның еңбекке құштарлығын арттырып, отбасына қамқорлығын күшейт, халық алдында абыройлы, ардақты азамат атануына себепші бол. Мұндай жұптарды «Аққудай қосағың» дейді қазақ. Жұп аққудың жарастығы, адалдығы барлық халықтардың ортақ аңызына айналуы тегін болмас. Өкпе-назың болса, оны жұбайыңа оңаша айтып, пікірлескенің абзал. Балаларың бір нәрсені білгісі келіп, сұрай қалса, ретіне қарай «Әкеңмен ақылдас, әкеңнен сұра», -деп үйіңнің отағасы- жарыңды сыйлайтыныңды балаларыңа да байқат, үлгі алсын. Үлкенді сыйлау деген ұлы қағида осылай бойға сіңеді, өзіңнен шыққан жауап болса да : «Әкең де солай деді»,-дегенді қоса айтққаннан беделін кеміп қалмайды. Осы арқылы жарыңмен жақындығыңды, оны қадірлейтініңді балаларыңа тағы да бір байқата аласың.

Ақылды адам қосағын халық алдында «азаматым», «отағасы», «біздің үйдің кісісі» деп атауы керек. «Сіз» деп сыйлағанның өзі арадағы қатынасты жақсартады. Сондықтан да келіндер, отбасының берекесі мен тыныштығын, бақытын ойласақ, ерімізден бір саты төмен болғанның еш әбестігі жоқ.

Осы жоғарыда айтылғандарды санасына түйіп, осы бағытпен жүрген халқымыздың әрбір қаракөз қыздары болашақ келін болғанда атасының иықты, енесінің сүйікті, сол әулетке қадірлі, мәртебесі биік келін болары сөзсіз.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: