Сүйікті жарыңызға шынайы дос болғыңыз келсе...

181-1476212406-f8e19ff379.jpg

Міне, осылай ойлаудың өзі, оның жөн-жоралғысын іздестіру нағыз отбасы қамын ойлаған жанның әрекеті болса керек, сірә.

Әйел қашан да сезімтал жан болғанымен, оның өзіне лайық міні, ара-тұра кемшілігі де байқалып тұрады. Оған табиғат жаратылысы деп қарау дұрыс шығар. Бірақ сонда да отбасы ұйытқысы үшін алдымен әйел заты алғашқы қадамға баруы қажет. Ал оған бастайтын қадамдар мамандардың айтуы бойынша мынадай болмақ.

 

Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы 

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик 

• Еріңіз қашанда назарда болсын.

Нағыз достық белгісі-оны қолдау мен оның барлық жетістіктеріне бірге қуана білу. Ол көңілді кезде онымен бірге қуанып, мұңды уақыттарда көңілін аулай білу-шынайы сезім мен махаббат иесі екендігіңізді білдіреді. Содан кейін оны әрқашан ұқыпты да, мұқият тыңдауды үйреніңіз. Әйелдер ғана емес, еркектер де өздерін тыңдағанды жақсы көреді. Әйел мен еркек бір-бірімен тек отбасы мәселесінде ғана емес, өзге де қызықты тақырыптарда шүйіркелес е әңгіме айта білуі қажет.

• Ішкі сезіміңізді тізгіндеп ұстаңыз.

Жылау, сәл нәрсеге ашулану, ренжіп қалу, т.б. Бәрі де ішкі сезім әсерлері болып табылады. Мұндай әрекеттерді дер кезінде ауыздықтамаса, оның отбасы иелерінің араснда кері әсерлі жағдайларды туғызуы мүмкін. Әрине, шаңырақты шайқалтпай ұстап тұру, оның көптеген мәселелеріне төтеп бере білу барлығы да адамнан көптеген қуатты қажет етеді. Бірақ, әлгідей жағдайларда өзін-өзі тежей білу.

Әйел затына кейде «ол менің ерім, ол менің барлық еркелігімді көтеруі қажет» деген қөзқарас тән. Бірақ оның барлық жерде де «үкімі» жүре бермейтінін түсінген жөн.

• Шыдамдылықты үйреніңіз.

Бұл әрдайым қайталана беретін кеңес болса да, оның көбіне ұмытылып қала беретін де жағдайлары бар. Шыдамдылық отбасында көбіне ұмытылып қала беретін де жағдайы бар. Шыдамдылық отбасында көбіне ашуға жол беріп қоя беретіндіктен де шаңырақ та шайқалып жатады. Дос ең бірінші өзінің досына шыдамдылығымен танылады, қадірі де арта түседі. Достықтың да басты қағидасы бар.

• Оның даусынан оның жағдайын түсіне біліңіз.

Үйге кіре сала «қарным ашты, тамағың дайын ба?» немесе «балалар, мен келдім!» деп өзінің отбсына оралғанын білдіретін даусынан оның бет әлпетін көрме

 

 

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: