Гаухар Айтжанова, заңгер:
Жұмыс беруші жүкті әйелдің медициналық қорытындыға сәйкес жазбаша өтініші бойынша оған толық емес жұмыс уақыты режимін береді. Сонымен қатар, жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті. Жүкті әйелге қолайсыз өндірістік факторлар әсерін болдырмайтын басқа жұмыс берілгенге дейін, әйел осының салдарынан өткізіп алған барлық жұмыс күндері үшін жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға тиіс. Әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар: 1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс; 2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс; 3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.
Дереккөз : anabol.kz