Енемді түсінбеймін

894-1476211850-a592e446b9.JPG

Менің жасым 28-де. Тұрмысқа шыққаныма 5 жыл болды. Күйеуім өте жақсы адам. Қайын атам да өте керемет адам. Тек енемнің кішкене шайпау мінезі бар. Мен айтпағанды айтты деп, істемегенді істеді деп көрсетеді. Менің барлық істеген ісімнен мін тауып отырады. Бірде тағы осындай жағдай болып, енем мені абысындарын өсектеді деп айтты. Содан соң мен шыдай алмай: «Апа, неге сіз мен айтпағанды айтты дейсіз. Мен қашан абысындарымды өсектедім?» деп едім, енем орнынан атып тұрып, қайын атам мен күйеуіме, «Көрдіңдер ме, айтсам сенбейсіңдер. Осылай менің бетімнен алады» деп айғай салды. Мен ол кезде енеме алғаш рет батылым жетіп дауыс көтеріп едім. Тіпті дауыс көтерген де жоқпын. Жай ғана айттым ғой. Ол болса кешкісін үйге келіндері мен қыздарын жннап, мына келіннен көрмегенді көрдім, мені күнімнен бұрын өлтіретін болды деп жылады. Мен не істерімді білмей қалдым. Барлығы мені жек көріп, маған айғайлады. Ал күйеуім болса үндемеді. Менің де ақталғым келмеді. Сол жылаған қалпыммен үйден шығып кеттім. Киімдерімді де алмастан, өз үйіме кетіп қалдым. 5 жылдың ішінде алғаш рет өз үйіме мынадай күйде барып тұрған соң, ата-анам шошып кетті. Оларға барлығын айтып бердім. Ата-анам мені қолдап, үйде бол деді. Енеме де керегі менің кеткенім сияқты, бірде-бір рет хабарласпады. Ал күйеуім анасы үшін кешірім сұрап, үйге жүр деп күнде келеді. Күйеуіммен бірге тұрғым келеді, бірақ енемнің бұл әрекетінен соң мен оны іштей жек көріп қалдым. Көңілім кәдімгілей суып кетті. Не істесем болады?

Ақжарқын, 28 жас

 

 Ақжарқын, хатыңызды оқып отырып, бір жақты пікірде болдық. Енеңіз нашар адам сынды. Бұл шындық шығар. Дегенмен, таяқтың да екі ұшы болатындай, кез-келген мәселеге екі жақты қарау керек. Ойланып көріңізші, мүмкін сіздің де қателік жіберген тұсыңыз болған шығар. Бір нәрсені дұрыс жасамаған шығарсыз... Ешбір нәрсе жайдан жай болмайды ғой.

 Жақсылап ойланған болсаңыз, бар ашуыңыз бен өкпеңізді өткенге қалдырып, үйіңізге барып, енеңізбен сөйлесіңіз. Оған егер менің істеген қателіктерім мен кемшіліктерім болса, кешірім сұраймын деңыз. Және маған ең басты қояр мініңіз не? Мен сізге жаман не істедім деп сұраңыз. Еркін, ашық, бірақ ененіңіздің ашуына тиіп алмайтындай әңгімелесуге тырысыңыз. Егер бұл әңгіме өз нәтижесін беріп жатса, енеңізбен түсінсінкен соң, күйеуіңізбен сөйлесіп, бөлек шығу мәселесін қарастрыңыздар. Себебі сынған шыны ыдыс қанша жамаса да қалпына келмейді. Сондықтан енеңізбен тек алыстан сыйлас келіні болып қалғаныңыз жөн.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: