Хабар-ошарсыз кеткен жолдасыммен ажырасқым келеді...

521-1476211805-92ee8542b1.jpg

Сәлеметсіздер ме? Менің жолдасымның жоғалып кеткеніне екі жылдан астам уақыт өтті. Бар жоқ екені белгісіз,онымен қоса, ішімдікке салынып кеткені бар, іздеп таба алмадық. Мен онымен ажырасқым келеді. Болады ма екен? Заң не дейді?

Биғайша, Оңтүстік Қазақстан облысы

 

 

Гаухар Алтынбекова, заңгер: 

  Сәлеметсізбе, Биғайша! Болады, бірақ, оны дәлелдеуге тура келеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31- бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім кауігі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сөттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы етініш берілмесе, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбайы жаңа некеге тұрған жағдайда,бурынғы неке қалпына келтіріле алмайды.



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: