Әр елдің салты басқа

808-1476219586-6bec8d7384.jpg

Тәжік халқында да баланың дүниеге келуі отбасындағы ең қуанышты сәттердің бірі болып саналады. Сол себепті, болашақ ананың жүкті кезі де, босану сәті мен бала өмірінің қырық күні (чилла) тәжік халқы көптеген әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді ұстанады. Мысалы, ана мен баланы жалғыз қалдырмайды. Қараңғы түсе салысымен, таң атқанша бөлменің ішінде сығырайып шам немесе от  жанып тұрады. Босанған әйелдің бас жағына өткір заттар қойылып отырған, ал төсегінің жоғарғы жағына қызыл бұрыш, пияз немесе сарымсақтың басы ілінеді. Чилла кезінде ерекше күндерді атап өтеді. Үшінші, бесінші, жетінші, он екінші және қырқыншы күндер нәрестенің өміріндегі әртүрлі оқиғалармен байланысты әдет-ғұрыптар жасалады. Мысалы, алғаш иткөйлегін киюі, алғаш рет шомылдыру, ат қою, бесікке салу сияқты шаралар осы күндерге бөлінеді. Осы уақыт аралығы чиллагурезон рәсімімен аяқталады. Бұнда ана мен бала ең алғаш рет үйден сыртқа шығып, туыстарының бірінің үйіне қонаққа барады. Туысы болса, дастарханын жайып, «үлкен» қонақтың келуіне ерекше дайындалады.

 

 Сонымен қатар дандонмушак деген де рәсімі бар. Ол баланың алғашқы тіс жаруына байланысты аталып өтіледі. Ал муйсаргирон болса, баланың алғаш шашын алу кезінде тойланады.
Сондай-ақ, тәжік халқында бұрынырақта ауыр босанған әйел мен оның туыстары үйдегі көйлектерінің етегін түйіп, шаштарына жіп таққан екен. Бұл жердің халықтарына тән тағы бір нәрсе, бала туғаннан соң үш күннен кейін оған алғаш иткөйлегін кигізгенде, оған көзмоншақ таққан. Бірақ көйлекті кигізерден бұрын, көйлектің жағасы арқылы сабы ағаштан жасалған пышақ өткізген. Ол баланың мықты әрі мейірімді болып өссін деген ниетпен жасалған. Содан кейін бұл иткөйлек отбасындағы келесі бала туғанша сақталады екен.
 Нәрестені әртүрлі теріс күштерден сақтау үшін, әсіресе, ең қауіпті болып саналатын алғашқы қырық күнінде түрлі тұмарлар жасалып, ілінген. Осылайша, бесіктің жоғарғы жағына бүркіттің немесе аюдың тырнағы, қасқырдың тісі ілінсе, бала киіміне әр түстегі матадан ою-өрнектер тігіп отырған. Сонымен қатар, баланы тіл-көзден сақтау үшін, оған екі есім берілген. Бірі өзінің шын аты болса, екіншісі – лақап аты. Себебі, бұл ұлттың өкілдері бала кәмелетке толғанша, оны лақап атымен ғана атаған.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: