Ішек-қарын аршу жайында не білесіз?

337-1476213139-63a76163a8.jpg

Ішек-қарын аршу кез – келгеннің қолынан келе бемейді. Оны дұрыстап арши білудің өзі өнер болса керек. Осы тұрғыда anabol.kz ішек-қарын аршу және оның пайдасы жөнінде қыз-келіншектерге кеңес береді.

 

Ішек-қарын аршығанда малдың ұлтабарын, тақияқарынын, жалбыршағын, үлкен қарынын аса еппен жүйелеп, ішіндегі былғанышын төгіп, айналдырып, жылы сумен бірнеше қайтара жуу керек. Ал қарынның түктерін түсіру әдісі өте көп, оны пышақпен қырып немесе қайнап тұрған ыстық суға салып түсіруге болады. Содан кейін ғана қарынның жағымсыз исі кетіп, тазарып ет қалпына түседі. Ал ұлтабар айналдыруға келер болсақ, оны майға тығыздамайды, өйткені, тұздың сіңбеуі, сорпаның өтпеуі мүмкін. Ішек аршу болса тіпті қиын. Мысалы, малдың тоқішегі (жылқыда қарта) өте майлы болады. Оны майы қатпай тұрғанда тездетіп жүйелеп, былғанышын ағызып, мұқият жуып айналдыру қажет.

 

Малдың ащы ішегіне келетін болсақ, ол тым ұзын болады. Ол да жоғарыдағы ішектер тәрізді тазартылады. Сыртындағы шарбы майы жұқа, аз келетіндіктен көп әйелдер керексінбей жатады, дегенмен, медициналық тұрғыдан қарағанда малдың етінен гөрі ішек-қарыны пайдалы дәруменерге бай екенін ескерген жөн.

 

Ішек-қарыннан жасалынатын тағамдар:

 

Қарын бөртпе

 

 

  • Малдың жас еті

  • Тұз

  • Бұрыш

  • Пияз  

 

қажет.

 

Қарынға тұз, бұрыш, пияз,ет салып аузын мықтап буып, қазанға суда қайнатады. Қарынның ішінде пісірілгендіктен дәмі ерекше бола керек.

 

Ішек-қарын қуырдағы

 

 

Ішек-қарын қуырдағын қуырдағында ең негізгісі малдың қарны болған, дегенмен, шамалы ет қосуға да болады. Қарынның түгін тазартқан соң ұсақтап турап, етпен бірге кішкене суға қайнатып, алады да жүрек, бүйрек, ішек, бауырын қосып, майға қуырады. Тұз, бұрыш және дәмдеуіштерін қосып әзірлейді.

 

  • Жылқының ішегіне жылқы малының қабырғаларын тұздап, сарымсақтап қазы жасайтынын көпшілікке белгілі.

 

  • Онымен қоса, етті майымен араластыры, жылқы малының ішегіне тұздап,бұрыштап шұжық жасап, барлығымыз сүйсініп жейтініміз рас .

 

  • Сондай-ақ, қойдың қарынын, сиырдың бүйенін үріп,кептіріп қысқы азық ретінде май салып сақтауға болады.

 

  • Сол сияқты ертеде сиырдың қарнына да әжелеріміз тұз құрт салып сақтаған.

 

Іске сәт! Біз ұсынған кеңестер пайдаңызға жарар деген ниеттеміз!

 

Дереккөз : anabol.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: