Моншаның пайдасы қандай?

0_1550219569.4363.jpg

Бағалай білген адамға моншаның пайдасы зор. Ол ең әуелі, денедегі зат алмасу процесін жаңа сатыға көтереді де, ағзадан токсиндер мен метоболизм азықтарын шығарады.


 Дәрігерлер тыныс алу жолдары ауырғанда, яғни, суық тигенде, жөтел мен тұмауда ыстық бу қабылдауға кеңес береді. Бу бөлмесінде жақсылап қыздырыну – емделудің басы. Адам буланған уақытта қан тамырлары кеңейіп, бетке қан жүгіреді. Арнайы сыпыртқымен массаж жасауға да болады. Егер бу бөлмесіндегі ауаның ылғалдылығы тым жоғары болса, терінің сыртқы қабатында тер буланбайды да, жылу алмасу қиындайды. Сондықтан қатты қыздырынудан қорықпаймын дегеннің өзінде, бу бөлмесінде 10-15 минуттан артық отырмаңыз.

 Моншаның емдік қасиетіне сене отырып, қауіпті жақтарын да естен шығармаған жөн. Мысалы, дүркіреп өткен ойынсауықтан шыға салып, моншаға кіруге болмайды. Шамадан тыс алкоголь жүрек-қан тамырларына салмақ салады, бұған ыстық буды қосыңыз. Мұндай салмақты ағза көтере алмайды. Сонымен қатар суық тию қатты асқынып кетсе, моншамен жазамын деп ойламаңыз.

 

Дереккөз: altaynews.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: