Киви дәрумендерге өте бай тропикалық жеміс. Оның құрамындағы жасұнық, калий, кальций, магний, лектин, фосфор, мырыш, темір, марганец, антиоксиданттар мен амин қышқылдары ағзаға өте пайдалы. Кивиді жиі тұтынатын болсаңыз, ағзаға инфекцияның таралуы тежеліп, иммунды жүйе нығайып, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алып, ағзаның қатерлі ісікпен күресуі артып, жүйке жүйесін жақсартады екен. Басқа жемiстерден айырмашылығы, киви консервілеген кезде еш бұзылмайды. Сондай-ақ, жеміс Е дәруменіне өте бай. Біле білсеңіз, кивиді жеп қана қоймай, оны косметика негізінде пайдалансаңыз да болады.
Сонымен қатар, бұл жемісте актидин атты зат бар. Ол ағзадағы ақуыздарды ыдыратуға көмектеседі. Кивиді кәуапты маринадтауға пайдаланатыны осыдан.
Мамандар кивидің өзінен бұрын қабығының да пайдасы орасан зор екенін анықтады. Себебі, кивидің қабығында антиоксиданттар көп кездеседі. Ол терідегі натрий затын сыртқа шығаруға көмектесетін таптырмас құрал. Сондықтан, киви қабығын тастап жібермей, одан маска жасап пайдалансаңыз бетіңіздің терісі балғын күйге енеді.
Осынау тропикалық жемісті суықтағанда, вирусты дерт кезінде, авитаминозда, шаршағанда, әлсіздікте, күш жоғалғанда, күйзелісте, атеросклероз, диабет, гипертония, тромбоз дерті кезінде тамақтану мәзіріне осы жемісті міндетті түрде қосқан дұрыс. Дегенмен, осыншама пайдасы кивидің зиянды тұстары да жоқ емес. Сондықтан оны пайдаланған кезде асыра сілтеп жібермеңіз. Мәселен, жеміс құрамында С дәрумені тым көп болғандықтан аллергия беруі әбден мүмкін. Асқазан сөлі қышқылы жоғары адамдарға да пайдалануға болмайды. Іш өткізгіштік қасиеті болғандықтан диарея дертімен ауыратындар бұл жемістен бас тартқан жөн.
Дереккөз: islam.kz