Бел ауруы еңбек етуге жарамды адамдардың барлығынан дерлік жиі ұшырасатын шағым. Ауру ағзамыздағы өзге де процестердің әсерінен туындауы мүмкін. Сондықтан емнің алдын алу үшін дерттің неден бастау алғанын анықтап алғаныңыз жөн.
Бел ауруының себептері:
Бүйрек ауруы
Бүйрек несеп жолымен байланысты болғандықтан кіші дәреті қызғылт, лайлы немесе қанды болуы әбден мүмкін. Бүйрекке су жиналу, бүйрек туберкулезі, бүйрек шумағының созылмалы қабынуы сияқты бүйрек ауруы бар науқастардың белі жиі ауырады.
Бел бұлшық етінің зақымдалуы
Адам көп уақытын еңкейіп немесе бүкірейіп өткізеді екен. Және ұзақ уақыт үстелде отырып жұмыс істегеннің әсернен белдің бұлшық еттері біртіндеп солып, сіңірлердің созылу қуаты әлсіреп, белдің бұлшық еті зақымдалып, бел ауруы басталады.
Несеп жолына тас байлану мен инфекциялануы
Бұл жағдайда тек қана осы екі түрлі себептің нақты қайсысынан белдің ауырып тұрғанын дәрігердің тексеруі арқылы анықтату қажет. Сосын ем қолдануға болады.
Туберкулез дерті
Туберкулез ауруы да белдің ауруына алып келеді. Бұл жағдайда қызыл клетканың тұну мөлшерін тексерту арқылы білуге болады.
Бел омыртқаның шодыраюы
Адам жатып-тұрғанда өзін қолайсыз сезіну, белдің бұрылуға кедергі келтіріп қатты аурыруы көп жағдайда сіңір созылудың әсерінен болады.
Жыныс мүшесі өспесі және қабынуы
Әйелдердің жыныс мүшесіне өспе шыққанда, сипаты және дәрежесі ұқсамаған бел ауруы пайда болады. Қатерлі өспенің кесірінен жамбас сүйектің ішкі ұлпаларына қарай өткенде бел ауырады.
Өт қалтасы ауруы
Бұл кезде белдің оң жағы иыққа дейін сіресіп, үстіңгі құрсағы ауырады.
Тұмау
Кейбір адамдарға тұмау тисе, белі ауырады. Вирустың бұлшық етке әсерінен туындайды.
Бел ауруының себебін білу өте күрделі. Ол адамдардың ауру жағдайына, жынысына, жасына да қатысты. Белі ауырған науқас жақсылап демалып тұру қажет, пайдалы дене әрекеттерімен мейлінше көп айналысуы тиіс. Аурудың салдары аз емес, алайда, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніңіз» абзал. Ал ол үшін мына қағидаларды ұстаныңыз:
Беліңізді айналдырмаңыз!
Артық салмақ қоспауға тырысыңыз!
Биікке қарай созылмаңыз!
Әрдайым жаттығу жасаңыз!
Қимыл-қозғалыссыз болмаңыз!
Жатып кітап оқымаңыз!
Төсекті дұрыс таңдаңыз!(Төсек қатты да жұмсақ та болмауы керек)
Аяқкиіміңіз аяғыңызда еркін тұрсын!
Дереккөз : anabol.kz