Қорылдау қорқуға себеп пе?!

488-1476221671-1553b06a22.jpg

Ел арасында ер азаматтың қорылы батырға тән әрекет деген түсінік бар. Бірақ ұйқыны зерттейтін мамандар бұған кері пікір айтады. Олардың ойынша қорылдың негізгі себебі алкоголь мен шылым және артық салмақ.  Жер жүзінің әрбір бесінші ер азаматы басы жастыққа тие сала қор ете қалады екен. Бірақ бұл әдеттің нақты себебі мен салдары әлі күнге дейін белгісіз.

 

 Кез келген ауру сияқты қорылдың да екі түрі болады. Біріншісі созылмалы қорыл. Бұл жас күнінен қорылдап ұйықтайтын адамдардың дерті. Ал жедел асқынған қорылмен кішкентай балалар және қыз-келіншектер ауырады. Біріншісінің емделу тәсілі ұзақ уақытты алады. Ал екіншісін тыныс алу жолының жаттығулары арқылы емдеп жазуға болады. Қорылдаушылардың қатарында тыныштандыратын дәріні көп қолданатындар да бар. Аталған дәрі құрамындағы заттар бас бөлігінің жұмсақ тіндеріне әсер етіп, тыныс жолдарының жұмысын әлсіретеді. Әсерінен ұйықтап жатқан адам қорылдай бастайды. Сондықтан тыныштандыратын дәрілерді ұйқы алдында қолданбауға тырысу керек. Уақытша ғана қорылдайтындар бар. Бұл аллергиялық аурулармен байланысты. Әсіресе, өсімдіктер тозаңданатын шақта қорылдайтындар болады. Мұндайда жатын бөлмені ылғалды шүберекпен сүртіп шығу керек. Ал,қорылды мейлінше азайту үшін,келесі қадамдарды байқап көріңіз!

 

1. Ұйықтағанда қорылдамау үшін жұмсақ таңдайды шынықтыратын жаттығулар жасау керек. Ол үшін «и» дыбысын жұтқыншақ, таңдай, мойын бұлшық еттерін керней отырып, созыңқырап, бірнеше рет қайталап айту керек. Мұндай жаттығуды таңертең және кешке 25-30 реттен қайталаған жөн.Аталған әрекетті күн сайын үзбей жасаса, жарты айдан соң жағымсыз қорылдан біржола құтылуға болады.

 

2. Шалқаңыздан жатпауға тырысыңыз. Жантайып ұйықтау ауа циркуляциясын дұрыс жолға қояды.

 

3. Егер салмағыңыз шамадан тыс көп болса, арықтауға тырысыңыз.

 

4. Шылым шегуді тастаңыз немесе ұйқы алдында шылым шекпеуге тырысыңыз. Спирттік ішімдік ішіп ұйықтау да қорылдауға жол ашады.

 

5. Ұйықтар алдында көп мөлшерде ішімдік ішпеңіз. Биік жастықты жастанбауға тырысыңыз.

 

6. Ұйықтайтын бөлмеңізде ультрадыбысты ауа дымқылдатқышты қолданыңыз, бұл әсіресе қыс мезгілінде қажет.

 

7. Ұйықтайтын бөлмеде гипоаллергенді орта қалыптастырыңыз: кілемдерді тазалап, өсімдіктерге аллергияңыз болса, бөлмеде қалдырмаңыз, бөлмеге жануарларды кіргізбеңіз, жүннен, қауырсыннан тұратын емес, заманауи табиғи немесе синтетикалық материалдардан тігілген жастықтар мен жамылғыларды пайдаланыңыз.

 

 Егер осы шараларды жасап көргеннен кейін нәтиже көрінбесе, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн. ­­Өйткені бұл жай ғана қорыл емес, аноэ синдромы болуы әбден мүмкін.

 



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: