Әрдайым ас ішер алдында 15 минут бұрын 1 немесе 2 стақан су ішу қажет.
Күніне су ішу нормасы: 1,5-2 л (нормаға тәтті емес көк шай да кіреді).
Зиянды әрі тәтті тағамды күндізгі 12-ге шейін жеу керек.
Берілетін тағам мөлшерінде көкөніс жеуге көшу.
Денсаулыққа және сымбатты болмыс-бітімге де зиянды шұжық сынды тағамдардарды жемеу.
Арасына 2,5- 3 сағат салып, аз мөлшерде тамақ жеу. Егер көп жеп қойған болсаңыз, араына 3 сағат салып тамақ ішу қажет.
Ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын тамақ ішу.
Аптасына 1 рет жеңіл тағамдармен ауқаттану (ірімшік, көк шай)
Дене жаттығуларын жасау. Спорт, жаттығулар, жиі жаяу жүру, көп қозғалыс керек және лифтпен емес, баспалдақпен көтеріліңіз.
Тамақты су ішіп отырып жемеу. Тамақ ішіп болғаннан кейін 40 мин ішінде су ішпеу.
Міндетті түрде күніне 20 грамм май (кеуде, шаш,тері үшін). Таңертең аш қарынға зығыр майын ішуіңізге де болады.
Міндетті түрде таңғы ас ішу, таңғы асты жіберіп алуға болмайды.
Нан өнімдерін және тәтті тағамдарды жеуді азайту немесем мүлдем жемеген дұрыс. (Мысалға, тәтті тағамның орнына мандарин жеуге болады)
Таңертеңмен аса қиын емес жаттығулар жасаңыз, ол заттектер алмасуына көмектеседі.
Дереккөз : anabol.kz