Іш пен белдегі жиналған артық май көптеген қыз-келіншектердің бас ауруы. Спорттың қай түрімен айналысса да денеміздің осы бір тұсындағы майдан арыла алмай жатамыз. Оның себебі де түсінікті, өйткені табиғаттың өзі бала көтеру үшін қажетті органдарды тері асты майларымен жабу арқылы қорғайтындай етіп жаратқан. Десе де бұл мəселемен кешенді түрде айналыса отырып қажетті нəтижеге қол жеткізуге болады.
Ең алдымен, əрине, тамақ рационын реттеу, содан соң ғана біз əңгімелегелі жатқан кардио-жаттығуларға көшу керек. Жүгіру, секірмекпен секіру, велотренажердағы қарапайым жаттығулар тиімді боп саналады. Сонымен қатар тыныс алуға да көңіл бөлеміз, күш жұмсалған кезде тыныс алып, денені босаңсытқанда тыныс шығарамыз.
Сонымен іш бұлшықеттерін қалайша шынықтырамыз, соған көшейік.
1. "Қайшы". Еденге шалқамыздан жатып, қолымызды белге қоямыз, аяқты сəл көтеріп қайшылаймыз. 10-ға дейін санап үш реттен жасаймыз.
2. Əрі қарай күрделендіре түсу керек. Тағы да шалқадан жатамыз, бұл жолы қолымызды ішімізге қоямыз. Тыныс шығарған кезде денені жəне аяқты сəл жоғары көтереміз. Қолымызды алға созамыз, ішке күш түсіп жатқандығы сезілгенше барынша созу керек. Қайталау рет саны алдыңғы жаттығудағыдай.
3. Тізе-шынтақ қалпына тұрамыз, аяқтың ұшын еденге тірейміз. Бұлшықеттерді тарта тізені жоғары көтереміз, яғни шынтақтаған күйде аяқтың ұшымен ғана тұру керек. Арқаның тік болуын қадағалап бірер секунд тұрамыз. Бас кезінде аз уақыт, одан соң ақырын уақыттық интервалды ұлғайту керек.
Дереккөз: womanadvice.ru
Дайындаған: Ақгүл Тәжідаева