Сығырлық

479-1476214433-34a95bc9e9.jpg

Миопия – алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі, яғни сығырлық. Грек тілінен аударғанда «мио» – сығыраю, «опсис» – көру деген мағынаны білдіреді.

 Дүниежүзінде әрбір үшінші адам миопиямен ауырады екен. Сондай-ақ бұл – жасөспірімдер арасында ең жиі кездесетін көз ауруы. Сығырлық көбінесе мектеп жасындағы балаларда бастапқы үш жылдан басталып байқалады. Сонымен қатар миопияның тұқым қуалайтын туабітті түрі де болады. Десе де, соңғы жылдары балалар арасында белең алып бара жатқан сығырлықтың басты себептерінің бірі – компьютер, ұялы телефондар мен планшеттер екенін жасырмауымыз керек. Күні кешке дейін қолынан тастамай планшет ұстап жүретін балалардың көзіне әдеттегіден он есе артық салмақ түсіп, көру қабілетін барынша зақымдайды. Сондықтан ата-аналар осыған мән бергендері жөн.

 

Миопияның пайда болу себептерін екі топқа бөліп қараймыз.

  1. Жалпы ағзалық факторлар:

  • Ағзаны әлсірететін аурулар (анемия, дәрумен жетіспеушілігі);

  • Тұқым қуалаушылық (егер миопия ата-анасының бірінде болса, әсіресе, екеуінде де болған жағдайда баланың бұл ауруға шалдығу мүмкіндігі 70 пайызға артады екен);

  1. Көру қызметіне әсерін тигізетін факторлар:

  • Жарықтың жетіспеушілігі (мектепте, үйде);

  • Оқыған, жазған кезде орындықта дұрыс отырмауы (орындық, үстелдің баланың бойына сәйкес келмеуінен, көлікте жүріп оқу, жатып оқу);

  • Күн тәртібінің дұрыс болмауы (мысалы, спортпен шұғылданатын балаларда сирегірек кездеседі, ал миопиялы балалардың көбінің омыртқа жүйесінде өзгерістер болып жатады.);

  • Көзге ауыртпалық түсіретін теледидар, компьютер, ұялы телефонды шамадан тыс қолдану;

  • Дұрыс тамақтанбау.

Аурудың белгілері:

  • Алыстан көрмеу;

  • Көздің бұлдырауы;

  • Алыстан жақынға немесе керісінше қарағанда көзге ауыртапылықтың түсуі;

  • Заттардың екі еселеніп көрінуі;

  • Алыстағы заттарды айыра алмау;

  • Алыстағы заттарды тану үшін көзді сығырайтып қарау.

 

Миопияның алдын алу үшін:

  • Баланың ағзасын нығайту (спортпен шұғылдану, уақытылы дұрыс тамақтану);

  • Көздің бұлшықет жүйелерін бекіту;

  • Көздің қан айналымын жақсарту;

  • Склераны бекіту (көз жаттығуларын жасау);

  • Балалардың күн тәртібін реттеу (оқу, демалу, теледидар қарау, компьютер ойнау уақыттарын белгілеу);

  • Таза ауада серуендеу;

  • Оқу бөлмелерінің жарықтануын, сабақ дайындайтын орындық пен үстелінің бала бойына сай болуын қадағалау.

 

Көз ауруларын емдеу үшін жасалатын жаттығулар:

  1. Жаттығу

Көзді 5-6 секунд бойы жыпылықтатып тұру. Аздаған үзілістен соң жаттығуды тағы бір рет қайталаңыз.

  1. Жаттығу

Көзді тас жұмып, 3-5 секундтан кейін қайта ашыңыз. Жаттығуды 6-8 рет қайталаңыз.

  1. Жаттығу

Орныңыздан тұрып, қолыңызды алдыңызға созып, сұқ саусағыңыздың ұшына қараңыз. Саусағыңыз екеу болып көрінгенше көзіңізді алмай, өзіңізге қарай жылжыта беріңіз. 6-8 рет қайталаңыз.

  1. Жаттығу

Басыңызды қозғамастан жоғар-төмен қараңыз. 8-12 рет қайталаңыз.

  1. Жаттығу

Мойныңызды бұрмастан оңға-солға қараңыз. 8-12 рет қайталаңыз.

  1. Жаттығу

Шынтағыңызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен көздеріңізді басыңыз. Жаттығу ұзақтығы – 5 минут. Осы жаттығуды күніне 2-3 рет қайталаңыз. Алақаныңыздан тараған жылу мен қараңғылық көздің шаршауын басады.

  1. Жаттығу

Әр қолыңызға бір-бірден қарындаш ұстаңыз. Біреуеін көзіңізден 15 см қашықтықта тік ұстаңыз. Ал екіншісін алдыңызға созылған қолыңыздың қашықтығында ұстаңыз. Содан соң көзіңізді бір қарындашқа тоғыстырыңыз да, кірпігіңізді қағып, көзқарасыңызды екінші қарындашқа аударыңыз. Бұл жаттығуды күніне 2 рет жасаңыз.

  1. Жаттығу

Екі аяғыңызды бір-бірінен алшақ қойып, бүкіл денеңізбен бір жағыңыздан екінші жағыңызға қарай бұрылыңыз. Алыстау тұрған бір нәрсеге қадала қараңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз.

 

 

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: