Сүндетке отырғызғаннан кейін гигиена сақтау
Лавров Юрий Васильевич Жоғары категориядағы медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер уролог:
Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша негізінен сүндеттеудің діни және медициналық екі түрі жасалады. Діни сүндетке отырғызуды талқыламасақ та болады. Сүндетке отырғызудың денсаулыққа пайдасы туралы айтатын болсақ, түрлі көзқарастар туындайды, осы күнге дейін айтылып жүрген деректерге сүйенсек, сүндеттелмеген еркектерде гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилокк (іріңді микроб), гонорей (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болмауы, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналуы, фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит ауруларының болуы жайлы айтылып жүр. Ал басқа аңыздар мен деректерде мұны жоққа шығарады. Егерде, еркек сүндетке отырмаған болса, гигиеналық ережені сақтап, күнделікті сабынмен мүшебасын жуып турса, қабынудың болмау мүмкіндігі бар. Сондықтан да сүндеттеу пайдалы немесе зиян деп кесіп айту қиын, ол адамның өзінің мәдениеті мен тәрбиесіне байланысты. Ал енді медициналық көрсеткішке келетін болсақ, бірден-бір көрсеткіш сүндеттеу емшарасын жүргізу қажет. Сүндет көбіне егде жастағы еркектерге егерде фимозың түрлері немесе созылмалы қабынуларға шалдығып осыдан барып жыныстық мүшесінің басы толық ашылмаған жағдайларда жасалады. Егде жастағы еркектерге бұл біраз қиындықтар туғызады. Мұндай жағдайда медициналық шара міндетті түрде жасалуы керек. Бұл біріншіден тазалық болса, екіншіден көптеген аурулардың алдын-алудың бірден-бір жолы. Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилоккок (іріңді микроб), гонорея (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату керек. Сондай-ақ, сүндет фимоз, баланит, баланопостит секілді кеселдерінің алдын алады. Баланит, баланопостит дегеніңіз - күпектің және үрпі басы терісінің қабынуы. Бұл ауру күпектің тазаланбауынан және зәрдің ыдырауынан болады. Баланит қант диабетімен ауыратын адамдарда, егде кісілерде, сүндетке отырғызылмаған адамдарда жиі кездеседі. Ер бала 2-3 жасқа келгенше жыныс мүшесінің басы ашылмай тұрады, оны “физиологиялық бүрік” деп атайды. Бүрік сүндетке отырғызылмаған ер адамдардың 2-3 %-ында кездеседі. Бұл ауру ұзаққа созылса, қуықтың зәрден босауы қиындап, несеп жолдарының қызметі бұзылады. Сүндеттелген ер балалар мен еркекке алғашқы екі-үш апта гигиеналық тазалықты мұқият сақтау керек. Егерде тазалық ережесі сақталмаса, мүше кір қолмен ұсталынып немесе ластану арқылы тағы да қабынуларға жол берілуі мүмкін. Сондықтан да арнайы антисептикалық жақпа майлармен, марганц сұйықтығымен тазарту шараларын жасаған жөн.
Дереккөз : anabol.kz