Арамызда «Мен картоп жей алмаймын» немесе «Маған картоп жеген ұнамайды» дейтіндер бар дегенге сену өте қиын. Өйткені, картоптан жасалатын кез келген тағам өте дәмді әрі тез дайындалатын болып келеді. Әсіресе, картоптан жасалатын картоп қытырлақтарын (чипс) тағамдық құныдылығының аздығына және зияндығына қарамастан сүйіп жейтіндердің қатары аз емес.
Славян халықтарының екінші нанына айналған бұл ежелгі көкөністі алғаш рет осыдан он екі мың жыл бұрын үнді тайпалары өсірген екен. Есіңізде болса, картоптың шығу тарихын, оның таралуын біз сіздерге бұған дейін әңгімелеген де болатынбыз. Картоптың адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны бүгінгі тақырыптың негізгі арқауы болмақ.
Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек.
Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магнийжүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.
Картоптың ағзаңызға берер пайдасын біліп алдыңыз деген ойдамыз. Ал, картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс! Картоптың зияндылығы – оның құрамында көмірсулар мен жасұнықтың көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерінкөбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатыпжегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ.
Картоптан жасалатын бет терісіне арналған маскалар мен картоптан түрлі дәмді тағамдар жасаудан хабардар боларсыз. Мұнан басқа картопты үй тұрмысында ем-дом ретінде пайдалануға да болады екен.
Кейбір адамдардың табанында қатайған тері (мозоль) пайда болып жатады. Әсіресе, биік өкше аяқ кимнің ыңғайсыз болуынан күс пайда болып, оны кетіре алмай әбігерге түсеміз. Мұндайда, картоптың көмегіне жүгініңіз! Табанға шикі картоп тарту арқылы ондағы қатайған теріні жұмсартуға болады. Ол үшін алдымен картопты үккіштен өткізу керек. Жарты стақан үгітілген картопқа 1 шай қасық бал қосып араластырады. Осыны дәкеге салып, қатайған теріге жапсыра орайды. Сыртынан шұлық киіп, 2 сағаттай жүру керек. Мұндай рәсімді күніне 2-3 рет қайталауға болады.
Дереккөз: vk.com/Қыздарға пайдалы кеңестер