Физиогномика ғылымының ғалымдары адамның мінезі қандай екенің еріндеріне қарап білуге болататынын айтқан.
Егер адамның үстінгі ерні астанғы ернінен үлкенірек болса, онда ол эмоционалды, тартымды, өзіңе көңіл аударта білетін жан;
Еріндерінің пішіні томпақ болып келетін адам біреуді бағып-қағуға жаралған. Әдетте томпақ ерінді адамдарда аналық сезімі жоғары болады. Кез-келген жағдайда өзінен бұрын айналадағы адамдарды ойлайды. Олардан өте жақсы ата-ана шығады;
Астыңғы ерні үстіңгі ернінен үлкен болса, ол адамның әуесқой, көпшіл, сөйлегіш және өзіне жаңалық ашудан жалықпайтынын білдіреді;
Ал еріндері жіңішке болып келетін адамдар көбіне жалғыз жүруді ұнататын адамдар. Өздерінің проблемаларын өздері шешуге бейімделген.
Үстіңгі еріннің шеті (желобок) үшкір болып келсе, онда ол адам шығармашылыққа жақын адамдардың бірі. Қай ортада болмасын өз ойын ашық білдіре алатын, адамдармен тез тіл табысып кететі жандар. Атқарған жұмысында үнемі нәтиже көрсетеді.
Дереккөз: www.qamshy.kz