Баланың кітап оқуға құмарлығын оятудың 10 әдісі

0_1549433575.0964.jpg

Бала біткеннің басқаға құмарлығы ауып тұратыны рас. Өйткені ол ең алдымен ойын баласы екені бекер емес. Бірақ бір уақ ойнап келіп, теледидар көріп, ата-ананың ақылын тыңдаған да жақсы. Қазіргі бала бірақ ақылыңды да тыңдай бермейді. Десек те, біз баланың дүниетанымын арттыру үшін не істеуіміз керек?


 Кітап оқытқан дұрыс. Қолы бос уақытта бір сәт қолына танымдық дүниелерді қолына алып, басын тынықтырған баланың да ой-өрісі кеңейеді. Бірақ жас баланы кітап оқуға қалай үйреткеніміз дұрыс? Сәби кезінен баулу керек десек те, кейде біз көп нәрсені ескере бермейміз. Әсіресе, мектепке әлі бара қоймаған баланың кітапқа құлшынысын қалай оятамыз? Онымен қалай әңгімелесу керек?

Демек, біз баланы қалай үйретіп, нені оқытамыз? Жалпы, әлі әріп тани қоймаған баламызға өзіміз кітап оқып бере аламыз ба? Мұндай жағдайда нені қаперге алу керек? Оқып көріңіз…

  1. Балаңызға ертегі кітап оқып беретін болсаңыз, алаңдамас үшін ең алдымен үйдегі теледидар мен компъютерді өшіріп қойыңыз. Сондай-ақ маңайдағы ойыншықтарды жинап, көзге көрінбейтін жерге қою керек.

  2. Кітапты бір сарынмен оқудың еш қажеті жоқ. Мәнерлеп оқығанның көп пайдасы бар. Онда да баланың қызығушылығын ояту үшін дауысыңызды бірде жоғары көтеріп, төмендетіп, кейде жылдам, кейде баяу күйге түскеніңіз дұрыс. Бұл баланы жалықтырмайды, қайта қызығушылығын оятады.

  3. Жалпы түрлі-түсті суреті бар ертегі кітаппен жұмыс істеген дұрыс. Арасында балаңыздан суретте не бейнеленгенін өзіңіз де жиі сұрап тұрыңыз. «О, өте дұрыс айттың, жарайсың, менің балам өте ақылды ғой» деп мақтап, эмоцияңызды жиі білдіріп отырыңыз.

  4. Баланы сөйлетіп отыру оның сөздік қорын арттыратынын естен шығармаңыз.

  5. Безендірілген, тақырыптық кітаптың болғаны дұрыс. Бұл баланың қоршаған ортаға деген құмарлығын арттырады.

  6. Мұны белгілі бір уақытта жасаған дұрыс немесе түсте, түнде ұйықтар алдында балаңызды жаныңызға алып кітап оқысаңыз, сәби оған да үйренеді. Мұны әдетке айналдырған абзал.

  7. Егер балаңыз кітап оқып, сурет салып беруге өтініш жасаса, оған бола ренжудің қажеті жоқ. Ерінбеңіз, айтқанын істеңіз.

  8. Балаға кітап оқып берудің өзі онымен   ашық әңгімелесу екенін ұмытпаңыз. Арасында өлең жаттатып немесе ән айтқызып тұрсаңыз, бұл оны жалықтырмайды. Баланың жады мықты.

  9. Балаға кітаптағы кейбір сөздер мен тіркестер түсініксіз болуы ықтимал. Мүмкіндігінше, оны түсіндіріп беруге тырысыңыз. Сонда ғана оның сөздік қоры көбейіп, сөйлеу мәдениеті тереңдейді.

  10. Ең алдымен балаға кітаптың мазмұнын мәжбүрлеп тыңдатудың керегі жоқ.  Мұндай қадам оның білуге, үйренуге деген құлшынысын жояды. Сондықтан өз жасына сай, суреттері үлкен, мазмұны лайықты кітап оқып берген дұрыс. Сонымен қатар түрлі-түсті қарандашпен боялатын арнайы шағын кітапшалармен де жиі жұмыс істеткеннің пайдасы үлкен.
     

 

Толығырақ: aikyn.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: