Жалқаулықты қалай жеңуге болады?

0_1549008121.1989.jpg

Жалқау екендігіңізді мойындаңыз

Жалқаулықты жеңіп және өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жалқау екендігіңізді мойындаңыз. Егер логикалық жағынан қарасақ, жалқаулық  деген шынымен жоқ, өйткені біз ұзақ уақыт жай жата алмаймыз, ол мүмкін емес. Өйткені біз жүреміз, тамақ ішеміз, демаламыз, ойлаймыз, бұны жалқаулық  деп айтуға болмас.  Шынымен жалқаулық  дегеніміз, адамның мақсатына жетуге бағытталған істі аяқтамауы. Адам бақытқа және нәтижеге жету үшін өз ісімен айналысуы керек. Сондықтан да мақсатыңа жету үшін өз ісіңізбен айналысқаныңыз жөн.

Қорқыныштар

Адамдар қорыққандықтан олар үшін жалқаулықты жеңу қиын болады. Әр бір адам өлімнен, тамақсыз және сусыз қалудан қорқады, бұл адамды іс қимылға жігерлендіруі керек, жалқаулыққа емес.  Барлық қорқулар туғаннан пайда болмайды, олар біздің бойымызда кішкентай кезімізде, 6 жасқа дейін қалыптасады. Ол кезде қорқыныштардың  қалыптасуында әке-шеше, қоршаған орта үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да балалардың қорқыныштарын кішкентай кезінде жою керек, олар есейгенде өмірлері жеңілдірек болады.

Денені шынықтыру арқылы жалқаулықты жеңу

Егер сіз жалқаулықты жеңудің тез және мінсіз тәсілін іздесеңіз, сіз оны таптыңыз. Ол адамның физикалық тәрбиесінде. Егер сіз өмірде шатассаңыз, не істеріңізді, немен айналысу керектігін білмесеңіз, басыңызда неше түрлі жаман және керек емес ойлар болса, жай ғана физикалық жаттығуларды жасай бастаңыз. Жақсы нәтижеге жету үшін, өзіңізге ұнайтын жаттығуларды жасаңыз. Денеге түсетін осы физикалық ауырлық сізге жаман ойлардан арылуға көмектеседі, ойлау қабілетіңіз жақсарады, алға қойған мақсатыңызға жетуге көмектеседі. Спорт үлкен жетістікке жетуге көмектеседі, танымал адамдардың өмірбаянына назар аударсаңыз, олар спортпен айналысқанын және айналысып жүргенін көресіз. Спорт адамды шынықтырады және жетістіктерге жету үшін күш-қуат береді.

Сүйікті ісіңмен айналыс

Жоғарыда айтып өтілгендей, жалқаулықты жеңу үшін, түсінгеніміз жөн, жалқаулық шынымен жоқ нәрсе, өйткені адам бір қимылсыз мүлдем өмір сүре алмайды. Адам ұйықтағанда да оның ағзасы жұмыс істейді, бұл жалқаулық емес қой. Егер сіз жалқаулықтың бар екеніне сеніп және оны жеңу керек деп ойласаңыз, сонда өміріңіздегі өз жолыңызды, бағытыңызды іздеңіз. Бұны сіздің ең сүйікті ісіңіз деп атауға болады, бұл істен басқалар шаршаса, ал сіз шаршамайсыз, өйткені ол сізге ұнайды. Егер сондай іс таппасаңыз, табуға тырысыңыз. Өйткені сүйікті жұмысыңыз сізге көбірек табыс әкеледі, ал сіз жай ғана ақша үшін сүйікті емес ісімен айналыссаңыз, ол сізге мол табыс әкелмеуі мүмкін. Ұнаған ісіңді тапқаның жақсы болады, ол ісің сені бақытты етеді, шаршамайсын және сонымен қатар ақша табасын.

 

Дереккөз: el.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: