Өмірлік мәні бар кеңестер

0_1547790645.6533.jpg

1. Бәріне бірдей алғыс білдіріңіз. Жақсылыққа да, жамандыққа да, сұмдыққа да. Өйткені өмірдің өзі сізге баға жетпес сыйлық екенін естен шығармаңыз. Ал ләззат пен ауыртпашылық сол өмір жолындағы кедергілер.

2. Түсінігіңізді өзгертіңіз, сонды сіздің өміріңіз де өзгереді. Қорқыныш, ашу, реніш секілді кездерде оқиғаға басқа бұрыштан қараңыз.

3. Әр жеңісіңізді тойлаңыз. Тіпті кішкентай белесті бағындырсаңыз да елеусіз қалдырмаңыз.

4. Алға қойған армандарыңыз бен мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін айналаңызға мұқият мән беріңіз. Өйткені өмір өте қызық нәрсе. Жүре берсеңіз, көре бересіз. Ең бастысы ерінбей еңбек ете білу керек.

5. Әр адам біздің өмірімізге белгілі бір оймен келеді. Ал ол келген оймен біз келісеміз бе, келіспейміз бе өзіміз білеміз. Оның біздің өміріміздегі рөліне байланысты шешім қабылдаймыз.

6. Өз-өзіңізге сеніңіз. Қандай ауыр күндер келсе де, жеңіп шығатыныңызға сенімді болыңыз. Бәрі де ойдағыдай болады.

7. Барлығын бірден жүрекке жақын қабылдамаңыз. Бәз біреулердің іс-әрекеттері өздерінің өмірінен хабар береді. Сондықтан оның сізге ешқандай қатысы жоқ.

8. Табиғат дертіңізге дауа болады. Таза ауада серуендеу немесе әдемі пейзаждардың көрінісі басыңыздағы артық ойлардың бәрінен арылуға көмектеседі және көңіл-күйіңізді көтереді.

9. Біреуге ренжулі адам сізді де ренжітуі мүмкін. Бірақ бәрібір оны жақсы көріңіз.

10. Сауығу үшін оны сезіну керек. Өзіңіздің қорқынышыңыз бен осал тұстарыңызды жасырмаңыз. Шындықтың көзіне тура қарау өте қиын. Бірақ оның сізге пайдасы мол.

11. Әрдайым дұрыс жолмен жүре берсеңіз де жалығып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан жіберген қателіктеріңізді еске түсіріп, еңсеңізді түсірмеңіз. Басыңыз аман болса, бәрі де жақсы болады.

12. Айналаңыздың бәрін айна деп елестетіңіз. Сіз біреуді жақсы көресіз, демек, өзіңізді де жақсы көресіз. Егер біреу сізді ренжітсе, онда сіз өз-өзіңізге дұрыстап қарауыңыз керек.

13. Өзгенің көңіліне қарап, бақытты қылу оңай нәрсе емес. Бұл өмірде тәуекелге баруыңыз керек. Іштей ұнатпай, бірақ жақсы көретін адамның кейпінде жүру - барып тұрған ақымақтық.

14. Кешірімді болыңыз. Бұл ең бірінші сізді ренжіткен адамға емес, өзіңізге керек. Кешіру арқылы сіздің жаныңыз тынышталады және бекерге басыңызды қатырып, алаңдамайсыз. Сондықтан тез әрі оңай кешіріп үйреніңіз.

15. Біздің бәріміздің де ішкі түйсігіміз керемет жұмыс істейді. Егер тоқтап қалып, оны тыңдасаңыз, өзіңіздің ішкі ақылыңыздың дауысын ести аласыз. Жүрегіңіздің тыныш сыбдырын тыңдай біліңіз. Ол бақытқа апараын жолды көрсетеді.

16. Жаныңыз жаңғырып жатса да шынайы өмір сүріңіз. Жер бетінде мүлдем сіздей жан жоқ. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін адал, ақкөңіл адам болыңыз.

17. Адамның айла асыру мүмкін емес. Осыны ескеріңіз.

18. Мен айналама нұр шашамын. Сіз айналаңызға нұр шашасыз. Біз айналамызға нұр шашамыз. Ал кейбіреулер өз жарығына өздері көлеңке түсіреді. Сіз керісінше басқаларға сәуле шашып, оларға жарық жолды көрсетіңіз.

19. Өмірді байсалдылықпен қабылдамаңыз. Бәрібір ешкім тірі кетпейді. Күлімдеңіз. Әр уақытты тиімді әрі ұтымды пайдаланыңыз. Сауық құрыңыз. Көңіл көтеріңіз.

20. Сізді шынымен жақсы көретін және қандай кезде де қасыңыздан табылатын адамдармен дос болыңыз. Ол адамдарға өзіңіз де қолдау көрсетіңіз. Себебі өмір өте қысқа. Ертең-ақ өтеді де кетеді.

 

 

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: