Бұл пост қаймағы мен қанты қосылған «жалған» кофе пайдасы туралы емес, табиғи кофе жөнінде…
Кофеин көңілді көтереді
Табиғи кофе құрамында болатын «бақыт гормоны» — серотонин мықты антидепрессант.
Стоматолог кеңес береді
Кофе бактерицидті қасиеттерге ие және тіс жегісінің пайда болуының алдын алады.
Табиғи кофені дайындау өте оңай
Әлгі жылдам еритін кофені дайындау тез дейсіз ғой. Табиғи кофені дайындау да жеп-жеңіл. Оны кеседе немесе френч-прессте демдеуге боолады. Тіпті кофе машинаға салып, түймешігін баса салсаңыз болды. Бастысы мөлшерін сақтау қажет.
Табиғи кофе шайдан пайдалы
Табиғи кофедегі антиоксиданттар шайдан да көп. Бір шыныаяқ кофеде андиоксиданттардың тәуліктік мөлшерінің 25 % болады.
Табиғи кофе арзан!
Иә, иә, арзан! Табиғи кофе түптеп келгенде жылдам еритін кофеден арзан. Кофе антиаллергиялық қасиетке ие, тіпті астмадан құтқаруы мүмкін.
Қош бол, Паркинсон
Кофені тиісті мөлшерде пайдалану Паринсон және Альцгеймер ауруының алдын алуға септігін тигізеді. Иә, жүрек ауруларына да пайдалы.
Алдын алыңыз
Кофе ішу 40 жастан асқан адамдарда құяң ауруының алдын алуға қауқары бар.
Диабетпен күрес
Кофе диабеттің екінші типінің дамуын болдырмайды.
Тасты тастаңыз!
табиғи кофе бүйректе тастың түзілуін және қуықта қатерлі ісіктің пайда болуын болдырмайды.
Бауыр қажет болса кофе іш
Табиғи кофе алкогольден бауыр циррозының пайда болу ықтималдығын азайтады.
Рұқсат етілген допинг
Кофені тұрақты тұтыну шыдамдылықты арттырып, жаттығулардың тиімділігін арттырады.
Айтпақшы, егер күніне бірнеше шыныаяқ кофе ішсеңіз, таза суды да көбірек ішкеніңіз жөн. Себебі кофенің зәр айдағыш қасиеті бар. Ал су орнын тек таза су толтырады.
Дереккөз: arular.kz