Массаждың пайдасы мол, ал зияны қандай?

0_1545113203.5659.jpg

– Массаж – алдын алу шараларының кешенді түрі. Оны медицинада, косметологияда, спортта, демалыста және тағы басқа салада пайдаланады.

Мәселен, емдік массаж адам ағзасына жағымды әсер етіп, көптеген аурулардан жазылуға көмектеседі. Ол дені сау адамға оның жалпы көңіл күйін жақсар-ту, өмірлік тонусын арттыру және кейбір аурулардың алдын алу үшін тағайындалуы мүмкін. Сондықтан емдеу курсы мен оның қарқындылығын дәрігер әр адамға жеке тағайындайды. Емдік массаждың жалпы түрінде массаж бүкіл денеге жасалады, ал жергілікті түрінде дененің тек зақымдалған бөлігі (табан, қол буыны, арқа және т.б.) уқаланады.

Массаждың әсерінен ең ұсақ қан тамырлары (капиллярлар) кеңейіп, уқаланатын органға қанның келуі күшейеді де, оның қуаттануы мен алмасуы жақсарады. Және массажбен жамбас, иық, шынтақ, омыртқааралық буындардың қозғалыс амплитудасын арт-тыруға болады.

Бірақ, массаж үнемі пайдалы еместігін де естен шығармаған жөн.

Жүктілік кезінде, босанғаннан және түсіктен кейінгі екі ай көлемінде, сондай-ақ, денеде жарық, өт жолында және бүйректе тас болғанда ішті уқалауға, тамырлар тромбозы, жіті остеомиелит, сүйек пен буында ісік болғанда массаж жасауға болмайды.

Егер артериалды қан қысымы жоғарылаған кезде массаж жасаса, бұл инсульт пен инфаркқа әкеліп соғуы мүмкін. Стенокардия немесе атеросклероздан зардап шегетін адамдарға да өте сақ болған жөн. Ал балалар мен қарт адамдарға жасалатын массаж аса қуатты болмай, алғашқы сеанстар қысқа әрі жеңіл болуы керек. Массажға қарсы көрсетілімдер: қан аурулары, созылмалы остеомиелит, зарарлы, зарарсыз ісіктер (миомалар), сүйек остеопорозы, туберкулез, т.б.

 

Дереккөз: kaz.altaynews.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: