Доңыз жылы қандай болады және одан не күтеміз?
Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл бірінші қаңтардан басталмайды – мысалы, жаңа 2019 жыл тек бесінші ақпанда кіреді. Григориан күнтізбесі бойынша 2019 кібісе жылға жатпайды (басқа жылдарда 365, кібісе жылында 366 күн болады – агенттік ескерт.) – аптаның бір және сол күні, сейсенбіде басталып, аяқталады.
Доңыз өте еңбекқор, табанды әрі өжет жануар ретінде сипатталады. Бұл ілгері басу жылы болады деп сенімді түрде айта аламыз.
Жаңа 2019 жыл біреулер үшін кәсіп ашып, оны дамытуда жемісті болмақ, ал енді біреуге жұмысын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Доңыз жылы кейбіреулерге махаббат майданында айтарлықтай қиындық тудырады. Арадағы түсінбеушілік біржола айырылысуға әкеліп соқтыруы мүмкін, алайда бұл жаңа сапалы әрі тұрақты жұп құрудың бастауы болмақ.
2019 жыл саяхат жасап, демалуға қолайлы екенін назарда ұстаңыз.
Қаржы мәселесіне қатысты айтсақ, 2019 жыл едәуір тұрақты болады деген болжам жасалып отыр. Бірақ қаржыны есеппен жұмсау керек. Қымбат заттарды сатып алуды, салым жасауды келесі жылға қалдырған дұрыс.
2019 жылы денсаулығыңызды күтуге көңіл бөліңіз, өйткені бұған дейін қатты шаршап, күйзеліске түскен болсаңыз, ағзаңыз сыр беруі мүмкін. Егер денсаулықты түзеуге мүмкіндік болса, оны міндетті түрде пайдалану керек.
Өткен жылдың қамқоршысы Ит секілді Доңыз да салмақты, демек, бұл жыл да тыныш әрі бір қалыпты өтеді деуге негіз бар. Доңыз жылында келіспеушілік пен ұрыс-керіс аз болады.
2019 жылдың түсі
Біз жаңа 2019 жылдың символының атауында "сары" және "жер" сөздері жиі аталатынын анықтадық, сондықтан қоңыр, кофе, жасыл, сұр және сары реңктерге артықшылық беру керек.
Доңыз жылын қалай қарсы алу керек?
Алдағы жылды туған-туыс пен жақын адамдарыңның ортасында қарсы алған жөн.
Жаңа жыл түні үшін сары-қоңыр немесе қызғылт реңкті таңдаған дұрыс. Сондай-ақ, сары алтыннан жасалған әшекейлер өте жарасымды болмақ.
Үйді және және жаңа жылдық шыршаны сәндегенде де осы түстерге басымдық беру керек.
Доңыз жылында сондай-ақ сары дастарқан жайып, тәтті тағамдардың түр-түрін: түрлі салаттар, тағамдар, десерттер пісіріңіз. Жаңа жылда дастарқанға тауық, сиыр етін қойсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Әрине, ешқандай шошқа еті болмауы тиіс.
Доңыз жылында не сыйлау керек?
Биыл сыйлық алуға сараңдық танытудың қажеті жоқ. Жаңа жылдық сыйлықты таңдағанда ақылға салып, тиімдісін алуға тырысыңыз.
Келер жылдың символы арзан сылдырауықтарды ұнатпайды. Ұзақ уақытқа жарайтын әрі көңілге қуаныш сыйлайтын сапалы нәрсені таңдаған дұрыс. Жоғарыда айтылғандардан басқа, сізге сыйлық таңдауға көмектесетін бірнеше кеңес бар. Ең алдымен мұны соңғы сәтке қалдыруға болмайды.
Доңыз – үй мен тұрмыстағы жайлылықты қадірлеуші жануар. Осы құндылықтарды толықтырып отыратын нәрсе тамаша сыйлық болады. Ол интерьер және тұрмыстық заттар, қандай да бір әшекей болуы мүмкін. Сондай-ақ, сыйлық ретінде киім немесе аяқ киім алуға болады.
Әрине, доңыз түріндегі жинақ сандықша ең танымал сый болатыны сөзсіз – бұл қымбат емес, алайда, өте пайдалы сыйлық.
Дереккөз : anabol.kz