Жақсы ұйқының кепілі

440-1476211783-6c31be8dd7.jpg

Күнделікті жұмыс, сабақтан  шаршап, ұйқын қашып, мазаң кетеді. Сондай сәтте ұйқыныңдұрыс болуы және  өзіңді жеңіл сезіну үшін ыстық шай ішкен дұрыс. Қандай шайды ішкен жөн екенін білгіңіз келсе, біз сіздерге көмектесеміз. Сол себептен,сіздердің назарларыңызға ыстық сусындардың түрлерін ұсынып отырмыз.


Түймедақ шайы

Түймедақ шайы сүт шайды ұнапайтындар үшін арналған. Ол тыныштануға, өзіңді жеңіл сезінуге көмектеседі.  Шай жақсы ұйықтауға өз әсерін береді. Ұйықтар алдында тәтті қылмай түймедақ шайын ішсеңіз, жас нәресте тәрізді керемет күйге енесіз.

Қышқыл дәмді сусын. Дәмінде қышқылдық болса да, ұйқының жақсы болуы үшін әсері мол.

 

Ыстық пунш
Ыстық  алкогольді  сусын.Виски,жеміс шырыны негізінде әзірленген. Пуншты қыс мезгілінде тұмаудың алдын алу үшін ішкен пайдалы.

 

Жылы сүт
Жылы сүт- тамаша,пайдалы сусын. Бұл әдіспен біздің ата-бабаларымыз да қолданған,  бүгінгі күні де қолданып келеді.  Ғылыми көзқарасқа сүйенетін болсақ, сүттің құрамында  триптофан аминқышқылын және кальций бар. Ал Триптофанның тыныштандыратын әсері  бар екен. Сондықтан да  жылы сүт- жақсы ұйқының кепілі. 

 

Жалбыз шайы

Түймедақ шайы ғана емес,  жалбыздың шайы да жақсы ұйықтау үшін өте пайдалы. Ол шаршағанды басып, тыныштануға,сонымен қатар, жалбыз шайы жүрек айнығанда көмектеседі. Бұл шай тек пайдалы ғана емес, әрі өте дәмді.

 

Ыстық шоколад

Ыстық шоколадты көбінесе  какаомен  шатастырады. Алайда, какаодан гөрі ыстық шоколад қоюлау, өйткені оның құрамында какао- май мен какао-ұнтағы бар. Какао ыстық судың негізінде жасалса, ал ыстық шоколад болса сүт немесе кілегей неізінде дайындалады.  Жақсы ұйықтауға көмектесетін  өте дәмді сусын.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: