Сіз өзіңізді әлі күнге дейін не істеп жүргеніңізді түсінбей, бас қатырып жүрсеңіз онда сіз өзіңіздің «Мен» ұғымынан айырылған жандардың қатарында болғаныңыз. Адамның бос уақыты көп болған сайын, ой қиялын түрлі мазасыз ойлармен кешіріп өзін төменгі сатыдағы адамдардың қатарында көреді. Себебі не деп ойлайсыз? Рухын жаңа дүниемен жаңартқан кезе ғана өз болмысының шырағы жанданып айналаға нұр шашатын болады.
Ендеше психологтың Мен кіммін? деген сауалына жауап іздеп көрейік.
Сіз соңғы рет қашан аспанға қарадыңыз?
Сізге соңғы рет кім жақсы сөз айтты?
Анаңызбен соңғы рет қашан сырластыңыз?
Мақтау сөз айтқанда қандай күйде боласыз.
Соңғы рет сіз кімге жақсылық жасадыңыз?
Жаныңыз шаттанып қашан қуандыңыз.?
Қуантуға жағдай жасап жүрсіз бе? Жақындарыңызға.
Достарыңызбен соңғы рет қашан демалдыңыз?
Өзіңізді жиі кінәлайтын болсаңыз, сенімсіздік бойыңызда аз болғаны.
Түн уақытында өзіңізге есеп бересіз бе?
Өзіңізді соңғы рет қашан жалғыз сезіндіңіз?
Жаныңыз жиі жабырқап жиі жылайтын болсаңыз мейірімділік пен көңіл бөлуге мұқтаж жансыз.
Өзіңізді әрдайым биік шыңнан көру үшін, еңбектің бал дәмін татып көріңіз сонда ғана толық қанды тұлға болып қалыптасуға серпін береді.
Табиғатпен сырласуды білесіз бе?
Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?
Сыйлық жасауды ұнатасыз ба?
Осы сұрақтарды өзіңізге қойып жауап беріңіз. Сонда өзіңіздің қандай жан екеніңізді түсінетін боласыз.
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Дереккөз : anabol.kz