Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін адамдардың ұзақ жасайтындығы дәлелденген. Ендеше жақсы көңіл-күйде жүру үшін психолог кеңесіне құлақ түріңіз.
Түнде ұйықтар алдында жемістің әр түрін жеңіз. Ертеңгі күні сергек әрі көңілді жүресіз.
Таңертең тұрғанда, күліп ояныңыз. Күніңіз сәтті өтеді.
Жұмыстағы әріптестеріңізге жақсы сөздер айтыңыз, сіздей жанның бар екенін біле жүрсін.
Уақыттың әр сағатындағы ұсақ-түйек қуаныштар болса да, қуана біліңіз.
Жақын адамдарыңызға сыйлық жасаңыз, араларыңыздағы сыйластық нығая түседі.
Сізді құрметтеп, сыйлайтын жандарды өзіңізден де жоғары бағалай біліңіз.
Көңіл-күйі түскен құрбыңызды немесе досыңызды мейірлене құшақтап, жақсы көретініңізді сезіндіріңіз. Құшақтасу арқылы адамдар өз бойларындағы жаман сезімнен құтыла алады.
Күніне бір жақсылық жасаңыз, адам сонда ғана кемелдену сатысына көтеріле алады.
Күніне жақсы ойлар ойлаңыз, мысалы: өзіңізді аспандағы биік жұлдызға теңеңіз. Адам армандау арқылы көп жетістіктерге жетуге болады.
Жаныңызды жадыратар әсем әуен тыңдаңыз.
Ренжіткен адамыңыз болса, кешірім сұрап, көңілін аулаңыз. Тәкәппар болмаңыз.
Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны жақын жандарыңызға да, әріптестеріңізге де қуаныш сыйлайды.
Ашуланшақтық пен уайымшылдық қатерлі ісік ауруларына шалдықтыруы мүмкін екенін ұмытпаңыз.
Сіз күні бойы жақсы жүріп, айналаңызға қуаныш сыйласаңыз, сіздің жүрек соғысыңыз да, қан айналым жүйеңіз де жақсарады.
Адам баласы болғандықтан, күнделікті өмірдегі қиындықтар адамды мазасыз күйге түсіріп, одан қалса, денсаулықтарын құртады. Сіз уайымдап, азап шеккеніңізбен, ол сізге пайда әкелмейді, керісінше, жан-дүниеңізге ауыр тиіп, өзіңіз де тұйықтала түсесіз.
«Тек қана алға!» деген жарқын ұранмен әр күніңізді жақсылықтарға арнаңыз.
Бәрі де өз қолыңызда!
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Дереккөз : anabol.kz