Сөздердің өлшемі....
1. Майда почерк - Олар ұялшақ,қамқор,сабырлы жүретін,өзін қоршаған ортада жақсы ұстайтын адамдар.
2. Орташа өлшемді почерк - Мұндай адамдар өте сезімтал келеді.
3. Үлкен өлшемді почерк - Олар оптемист және қоршаған ортамен жақсы қарым-қатнаста болады.
4.Өте үлкен өлшемді почерк - Мұндай адамдар өздеріне сенбейді және өзгелерді өзіне қаратады.Олардың көз жанары әлсіз келеді.
Аяғына да көз салыңыз....
Өкшесі біздей,сүйір түйреуішті аяқ-киімді ұнататын нәзік жанды өзінен ештеңені аямайтын,ештеңеден құр қалмауға,өмірден кейіндеп қалмауға әдеттенген әйел.
Әйелдің аяғында «әскери үлгідегі» ауыр бәтеңке болса,онда мұндай қыз айтарлықтай пысық,қажырлы және мақтан құмарлау болып келеді екен.
Қайық-туфлиді ұнататындар барлық кезде және барлық жерде жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп жүруді мұрат тұтады.сондай-ақ,олар қалай өмір сүруді біледі және көздеген мақсатына ұдайы жетіп отырады.
Бауы байланған етікті әйел жұрттың өзіне назар аударуын қалайтын және өзі осыған мейлінше тырысып бағатын жан.
Спорттық аяқ-киіммен жүретін қыздар ер мінезді болады.
Мұрны да мол мағлұмат береді....
Сондай-ақ сүйгеніңіздің денесі болмашы жағдайда қызарып жүретін болса,онда оның қу болғаны.
Мұрнының ұшы жоғары көтерілгендерге жоламағаныңыз жөн. Ондай жандар жалқау, алға қарай ұмтылмайтындар. «Алма піс, аузыма түс» деп әрекеттенбей, ауырмаған жамбаспен жата беретіндердің нақ өзі.
Мұрнының ұшы жуан адамдар қай істі де баяу қимылдап атқарады.
Ал, керісінше жіңішке болса, ашуы қатты болғаны.
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Денреккөз : anabol.kz