Әйел адамның ең бақытты да қиын кезі, жүктілік кезеңі болып саналады. Жүктілік кезеңде әйел адам психологиялық өзгерістерге жиі түседі. Мінезі өзгеріп тым көңілшек болады. Сізге керегі осы кезеңдегі психологиялық қолдау мен күтім қажет. Ендеше төмендегі психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:
Таңертең оянғанда өмірдегі ең бақытты әйелмін деп, қолыңызды жоғары сермеп үш рет айтыңыз.
Жаныңызға жақын дүниемен айналысыңыз.
Жақсы әуен тыңдаңыз.
Іштегі сәбиіңізге жақсы ертегілер мен әңгімелер айтып беріңіз. Ол бәрінде сезеді ұғады түсінеді.
Ашуланбаңыз қандай жағдай болса да, адамдарға кешіріммен қараңыз. Сөз таластырып жаныңызды жараламаңыз.
Еріңізбен жиі табиғат аясына шығып тұрыңыз. Іштегі сәбиіңізге махаббатыңыз ауып еріңізді ұмытып кетпеңіз оған да жиі көңіл бөліңіз. Еркелетіңіз жақсы сөз айтыңыз.
Өзіңізге ұнаған асыңызды жеңіз.
Бет әлпетіңізге күтім жасаңыз, боянып жүріңіз.
Көп дүниелерді жаныңызға жақын алмаңыз.
Жеңіл дене жаттығуларын жасап тұрыңыз.
Күліп жүріңіз сізге күлген жарасады.
Әрқашанда өмірдің әр сәтінен ләззат ала біліңіз, қуана біліңіз.
Ана болу қандай бақыт. Сіз өмірге дені сау сәби алып келгіңіз келсе, сізде осы кеңестерді есте сақтаңыз.
Айналада болып жатқан аянышты жағдайларды жақсылық жасаудан бастаңыз.
Ішіңізге қолыңызды қойып, менің балам өмірдегі ең жақсы бала,мені тыңдайды анасымен әкесін жақсы көретін, бала болады деп, күнделікті осылай айтып жүріңіз.
Әр үйдің шаңырағынан баланың шат күлкісі мен қуанышы сезілсін.
Сіздерге сәттілік тілеймін! Болшақ аналар мен қыз келіншектер!
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Дереккөз : anabol.kz