Бойды өсіру үшін...

294-1476213292-528ff3a6f1.jpg

Бойдың өсуі 80-85 пайыз генетикалық факторларға байланысты болса, оған 20 пайыз өзге де факторлар әсер етсе керек. Әрине, әр баланың тұқымына тартары анық, ол өз алдына. Дегенмен, бала бойының өсуінде ағзаға қажетті элементтер мен дене шынықтырудың да орны ерек.

 

 Бойдың өсуі үшін А, Д дәрумендері және мырыш тікелей әсер етеді. Бұл дәрумендер бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, сондай ақ, сары, қызыл көкөністерде, сәбізде, қызанақта, асқабақта болады. Бой өсіруге арналған дәруменге бай балықты да жиі жеп тұруды ұмытпау керек. Сүйектің қатаюын қамтамасыз етіп, бойдың өсуіне ықпалын тигізер кальцийдің да пайдасы мол. Ол қызылша, бұршақ қосылған тамақтарда және сүттің құрамында болады. Ал бір қызығы, ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша сүтті күнделікті үзбей ішкен жүкті келіншектің сәбиі ұзын бойлы болады екен. Сондықтан, күніне 150 мл. сүт ішу қажеттігін ескеріңіз.

Не де болса қажетті заттар бала кезінен, тіпті, ана құрсағынан ағзаға сіңсе айтарлықтай көмегі болары сөзсіз. Әсіресе, дәрігерлердің жүкті әйелге пайдалы тағамдар жеу керектігін ұсынып жататыны да осыдан.

 Сонымен қатар, бала кезінен пайдалы дұрыс тамақтануды негізге алыңыз, бұл өз тарапында денсаулық үшін үлкен маңызға ие.

 Ал ес біліп, етек жинаған соң ерте жастан спортпен айналысқаны артық етпейді. Оның ішінде, бой өсіру үшін бөренеге тартылып, суда жүзу, баскетбол ойыны сияқты спорт түрлерімен шұғылдану керектігін еске сала кетеміз. Сондай-ақ, бой өсіруде дұрыс ұйқы режимінің де пайдасы дәлелденген.


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: