Жұлдызнама бойынша сіз қандай әйелсіз?

329-1476222041-0ed7594bbd.jpg

Әйел Тоқтылар: әйелдердің жүрегі жұмсақ жер белгісіндегілермен отасқандары жөн. Сымбатты кейде қатал, тәртіпшіл жандар. Тоқтылар бойындағы мол қажыр-қайраты мен күш-қуатын қимыл-қозғалысқа, жүгіруге арнап, таза ауада серуендеп, бау-бақша жұмысымен көбірек айналысса, денсаулығы қалыпты болады.

 

Әйел Торпақтар: отбасының ұйытқысы, бала-шағаның қамқор анасы. Әрқашанда жұбайының қамын жеуге дайын тұратын бұл белгідегі бойжеткендермен отбасын құрғандар көп жағдайда жеңіске жетіп, өнегелі отбасының егесі атала алады.

 

Әйел Егіздер: көп жағдайда білуге өте құштар және білгенін айтып, басқа біреумен сыр бөлісуге құмар жандар. Бұл құмарлық олардың көп уақытын алатындықтан, олар көп жағдайда бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кететін жайлары жиі кездеседі. Отбасында олар жақсы үй иесі. Дәмді тамақ пісірудің шебері болғандықтан қонақжай, үйіне қонақ келгенді ұнататын жан. Шыдамдылығы мен ұстамдылығыжетпейтінболғандықтан, балаларының үсті-басына, сабағына қарау мәселесінде кемшіл тұстары да бар.

 

Әйел Шаяндар: үйінде салтанат пен жайлылықтың болғанын қалайды. Олар көп жағдайда ұрыс-керістен аулақ, «келісіп пішкен тон келте болмас» деген қағиданы ұстанады. Бірақ, кейбір жағдайда  келісімпаз шаяндардың қалыптан шығып, тиранға айналып кетуі мүмкін.

 

Әйел Арыстандар: жаны жомарт, достыққа адал болып келеді. Бұл белгідегілер достарының өзін сатып кеткендігін ешқашан кешірмейді және олардың өздері сияқты қызу қанды, әсершіл болғанын қалайды. Арыстандар өздеріне басқалар тарапынан айтылған сынды ұнатпайды. Сондықтан, оларға ақыл айтқанда жел жағынан емес, ық жағынан келіп, сылап-сипап түсіндірген дұрыс. Арыстаншалар басқа жандардың өзіне көңіл аударғанын әрқашан қалап тұрады. Бірақ туған балаларымен қарым-қатынаста белгілі бір ара қатынасты ұстап, олардың жай-күйіне көп алаңдай бермейді.

 

Әйел Бикештер: адал дос, сенімді жар болумен бірге, кезі келсе мықты қарсылас дұшпанға да айналып кете алады. Қиындықтан шығу үшін ең алдымен сол қиындықты тудырған жайттардың тамырына балта шабу керек екенін білетін Бикештер ақыл сұраған жандарға таптырмайтын жол сілтеуші. Олар достарының көп болғанын қалайды және қай кезде қандай жағдайда болмасын оларға көмек беруге әзір. Салқынқанды Бикештер махаббат мәселесінде де сабырлы болып келеді. Болашақ жарына қарап, таңдап жүріп жақындайтындықтан, олар отбасында жақсы жар бола алады.

 

Әйел Таразылар: достықты қатты қадірлейді, достарымен қатынасында мінезі жұмсақ, қиын-қыстауда қалған досына әрқашан көмектесуге әзір. Айтқанынан қайтпайтын таразыларға ақыл айтып дауласудың қажеті жоқ. Олар негізінен дауласқанды емес, дауласқандардың ортасына делдал болғанды қалайды. Махаббат мәселесінде қиялшыл және сезімтал. Таразылар ешқашан жалғыз жүргенді жөн көрмейді. Өзін сүйген адамның ішкі әлемін білуге құмартқыш және небір қиялдарға берілуден де тысқалмайды. Таразылар әрқашан өздері иығына басын қоя алатын мықты адамдарды іздейді. Отбасында бақытты болған сайын мінезі де жұмсарып, адамдармен қарым-қатынасы игіліктің бастауына айналады.

 

Әйел Сарышаяндар:негізінен қалжыңбас болып келеді. Олар істеген жұмысынан жақсы әсер алғанды ұнатады. Бірақ іс, жұмыс жағдайында көпешкімге сене бермейді. Сондықтан бұл белгідегілер мен достарының ортасында ақша, қаржы-қаражат мәселесінде арты қарлы боранға айналатын даулар да туындап жатады. Десек текүш-қуаты мол, қызу қанды сарышаяндар отбасында жақсы жар, мейірімді ана бола алады.

 

Әйел Мергендер: басқа жұлдыз белгілерінен өмірге деген ерекше құштарлығымен және әсерленгіштігімен ерекшеленеді. Бір мезгілде бірнеше іс-шараларға қатысуға бейім олар өздеріне көпшіліктің назар аударғанын ұнатады. Бала кезіндегі жолдастарын ұмытпайтын олар достарын қатты құрметтеп, қарым-қатынас жағдайында әзілдесіп, жиі қалжыңдасады. Негізінен мерген дерекі жүзділерді, жалған мінез көрсетіп тұрғандарды ұнатпайды. Әрі қалжыңға сүйеп, бетіне де айтады. Ал жұмыс істеп, қызмет қуғандары көп жағдайда жетістіктерге жетеді.

 

Әйел Тауешкілер: қызмет үшін ешқашанда сатқындыққа бармайды. Алла берген талантының арқасында олар қиын жағдайдан шығудың жолын тез таба біледі. Бұл белгідегі арулардың достары көп, бос уақыт тапса олармен телефон арқылы сұхбаттасып құлақтарының құрыштарын қандырғанды ұнатады.

 Бірақ тұрмыстағы тауешкілер үйіне жалғыз басты құрбыларын шақырғанды ұната бермейді. Бұл белгідегі бойжеткендер махаббатты қатты қадірлейді. Олар негізінен өздеріне көп бойдақтардың ғашық болғанын қалайды. Тұрмысқа махаббаттың жетегі мен емес, көп жағдайда сезімнің әсерінен шығады. Отбасы алдындағы жауапкершілігін жан-тәнімен сезінетін олар ізгі жар және жақсы үй иесі бола алады.

 

Суқұйғыш әйелдер: болып жатқан барлық жаңалықтар қызықтырады. Өздерінің жеке өміріне онша мән бермейтін олар махаббатқа сене бермейді. Бірақ қызмет мәселесіне жүрдім-бардым қарамай, оны бірінші орынға қояды. Біреуге сенгіш суқұйғыштар көп жағдай да аңғалдыққа беріліп, жиі шатасады. Тәртіпке бағынуды қаламайтын олар көп жағдайда табысқа жеке басының қасиеттерімен ғана жетеді. Көңіл көтеруді шет көрмейтін Суқұйғыштар сауық кештері мен отырыстарғадостарымен бірге барғанды ұнатады. Киімнің шаш қоюдың жаңа үлгісін өз бойынан көрсеткісі келетін бойжеткен суқұйғыштар үлкендерді ғана емес, өз қатарларын да таңғалдырады. Отбасында олар өздерін еркін, ешкімге тәуелсіз ұстағысы келетіндіктен бақыттары баянды болады деп айту қиын.

 

Әйел Балықтар: басқа жұлдыз белгілерінен сыр сақтай алушылығымен және өзінің жай-күйін ешкімге білдіре бермейтіндігімен ерекешеленеді. Басқаларды өзіндей көретін адалдығынан өмірден опық жеп, бармақ тістейтін кездері жиі. Сондықтан олардың жол үстінде, сонымен қатар тым таныс емес ортада адамдармен қарым-қатынас жағдайында абай болғаны абзал. Өмірге адалізгі көзқараспен қарайтындықтан балық бойжеткендердің көп жағдайда жолы болғыш олар адал жар, өнегелі ана бола алады.

 

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: