Жұлдызнама бойынша әйелдердің ауруға бейім жерлері

72-1476220651-564ad58520.jpg

Әйел тоқтылардың ауруға бейім жерлері: басы, бүйрегі, аяқ-қолы, сондай-ақ Тоқтылар тері ауруларымен де жиі ауырады. Бұл аурулардың бәрі негізінен оның шатақтау мінезіне байланысты жүйке жүйелерінің қызметінің әлсіреуінен болады.Тоқтының күш-қуат алатын тұзы — калий фосфаты. Ол мидың, омыртқаның, сондай-ақ жүйке жүйесі жұмысының жақсаруына септігін тигізеді. Сондықтан фосфорлы тағамдарды, әсіресе бойында темірі бар тағамдарды көп жегені жөн. Мұндай тағамдардың қатарына алма, алмұрт, қара бидай наны, қарақұмық, бұршақ, қызанақ, жаңғақ жатады.Қант пен тұзды және мал майын аз пайдаланып, негізінен бал, балық майын молынан пайдалануға тырысыңыз.

 

 Әйел торпақтардың ауруға бейім жерлері: тамағы, бүйрек, қуық және қалқанша бездері. Тамақты талғап жеуге аса бейім емес болғандықтан, Торпақтың денесіне түрлі жаралар да шығуы мүмкін. Сондықтан Торпақтың тамағында негізінен йоды бар жеміс-жидектер — қара өрік, абрикос, айва, сары өрік, шабдалы, апельсин болуы қажет. Сонымен қатар дастарқанынан пияз, сарымсақ, қара өрік пен сары өріктің дәні үзілмегені жөн.

 

 Әйел егіздердің ауруға бейім жерлері: өкпесі, кеңірдек қолқасы және жүйке жүйесі. Егіздерге бұршақ, асқабақ, арахис, баклажан, жүзім, алмұрт, алма, інжіл, картоп аса пайдалы. Сонымен қатар майы аз етті тағамдарды көп тұтынғаны жөн. Құрамында өкпеге аса пайдалы кремний болғандықтан, етін мол қосып жас қалақайдан сорпа жасап ішкен пайдалы. Ащыны көп пайдалануға, ал ішімдікті татып алуға мүлде болмайды. Ауруының негізі тыныс алу мүшелерімен байланысты болғандықтан, таза ауада көп жүруге тырысу керек. Жүгірумен, бір орында жіппен тұрып секірумен айналысқаны жөн.

 

 Әйел шаяндардың ауруға бейім жерлері: өкпесі, бүйрегі, асқазаны және ащы ішегі мен жүйке жүйесі. Бойында темір жетіспеушіліктен қан аздық болатындықтан Шаяндардың негізінен ет өнімдерінен – малдың бауырын, жілік майын сондай-ақ балықты молынан пайдаланып, айран, құрт, сүт өнімдерін көп тұтынуы қажет. Сәбіз және апельсин шырынын, сондай-ақ шайды жиі ішкен пайдалы. Ішімдікке жоламағаны жөн. Денсаулығын қалыпта ұстау үшін күнделікті душ қабылдау, салқын суға түсу, жүзу өте пайдалы.

 

 Әйел арыстандардың ауруға бейім жерлері: жүрегі, қан тамырлары мен буын аурулары, арқасы, жүйке жүйесі, қалқанша безі. Сондықтан тамағында міндетті түрде сүт, айран өнімдері, жұмыртқа, ет, бұршақ, пияз, у пияз, сарымсақ, сарыөрік пен қара өрік, апельсин болуы қажет. Тағамдардан қарақұмық, макарон өнімдері пайдалы. Күш-қуат беретін тұзы — магний фосфаты. Бұл тұздың жүйке жүйесін жақсартып, адам денсаулығын қалыпты жағдайда ұстау үшін маңызы зор.

 

 Әйел бикештердің ауруға бейім жерлері: Бауыры мен асқазаны және ішегі. Бикештің күш-қуат беретін тұзы — калий және темір фосфаты. Тамаққа алманы, қарақұмықты, қара бидай ұнын жиі пайдалану қажет. Қуырылған ет жемегені жөн. Денсаулығын сақтау үшін душ қабылдау, суық суға түсу және ертеңгісін әр түрлі дене жаттығуларын жасау, сондай-ақ арқа мен бел омыртқаға нүктелі массаж жасау аса пайдалы.

 

 Әйел таразының ауруға бейім жерлері: жүйке жүйесі мен бүйрегі. Сондай-ақ, аяқ-қолдары, буындары мен зәр шығару жүйесінен қуығы әртүрлі ауруларға бейім келеді. Бүйрек негізінен әртүрлі тұздарды, қалдықтарды шығаруға қызмет ететіндіктен, оның дұрыс жұмыс істемеуі Таразының денесіне әртүрлі тері ауруларын туындатуы мүмкін. Сондықтан тұзды, майлы тағамдарды аз тұтынып, айран, қатық, ашымал көже ішкен жөн. Күнделікті әртүрлі нан, макарон өнімдерін тұтынумен бірге қара өрік, шабдалы, өрік сынды жеміс түрлерін де молынан пайдалану керек. Таразының күш-қуат беретін тұзы — калий фосфаты.

 

 Әйел мергендердің ауруға бейім жерлері: бауыры, жүйке жүйесі, буындары, қалқанша безі. Мергеннің күнделікті тамағында бау-бақшаның жас жеміс-жидектері, қарбыз, бұршақ, қияр және қалақай болғаны жөн. Оның әл-қуат беретін тұзы — кремний мен калий хлориды. Бұл екі тұз негізінен арасан суларында болатындықтан Мергеннің демалыс, сауықтыру орындарына жиі барып, ем алғандары жөн.құмықта, бидай ұнында көп. Сондықтан осы тағамдарды күнделікті пайдаланыңыз.

 

 Әйел тауешкінің ауруға бейім жерлері: Тауешкілердің туа бітті аурулары сүйектерінің босаңдығына байланысты болып келеді. Денсаулықтары мықты олар негізінен аяқ-қол, буын аурулары және тері ауруларына бейім. Олардың тамағында күнделікті ет өнімдерімен қатар, қара өрік, жұмыртқа, пияз, сарымсақ және сәбіз бен алманың, алмұрттың шырыны, сондай-ақ бал болғаны жөн. Тауешкілердің күнделікті ертемен әр түрлі дене-шынықтыру жаттығуларын жасауы, жүгіруі денсаулығына аса пайдалы.

 

 Әйел суқұйғыштың ауруға бейім жерлері: асқазаны, аяқ-қолы, арқасы мен буындары, сондай-ақ қантамыр аурулары. Денсаулығын сақтау үшін Суқұйғыштардың таза ауада көп жүріп, жүгірумен, әртүрлі дене жаттығуларын жасаумен айналысқаны, сондай-ақ, әрқашанда сабырлы болғаны аса қажет. Денесіне негізінен йод, қорғасын, кальций, фтор, магний жетіспейтіндіктен күнделікті тамағында бал, пияз, сарымсақ, өріктің дәні, жұмыртқа болғаны жөн.

 

 Әйел балықтардың ауруға бейім жерлері: аяқ-қолы, асқазаны, қан айналу жүйесі мен бездері. Сондай-ақ, Балықтардың арасында қуық- несеп жолдары мен тері ауруларымен ауыратындар жиі кездеседі. Ауа-райының және жұлдыздық өзгерістерге (ауысуына) өте сезімтал болып келетіндіктен олардың күннің, айдың тұтылуын алдын ала біліп, сақтанғаны дұрыс.Тумысынан денсаулықтары сыр бергіш Балықтардың тамақ өнімдерінде сүт, айран, ірімшік, құрт, сонымен қатар жеміс-жидек, бау-бақша дақылдары мол болғаны жөн. Сондай-ақ, олардың таза ауада, әсіресе орман ішінде көп серуендеп, табиғи өзен-көлдерде жиі шомылғаны жөн.

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: