Көпшілігіміз қолда бар бақтың бағасын білмей жатамыз. Бақытты өмір сүру мен тіршілік ету – екі түрлі ұғым, екі түрлі өмір. Өкінішке қарай, көпшілігіміз өмірдің ағысымен жай ғана тіршілік етіп келеміз. Күнделікті айна қатесіз қайталанатын күйбең тірлік кейбірімізді шаршатып жібергені де шындық. Ал бақытты болу үшін, «кинодағыдай» өмір сүру үшін асқан ерлікке барудың да қажет емес екенін аңғара бермейміз. Ендеше, өміріміз гүлденіп, көңіліміз шаттанып, бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?
Өмірдің бізге, өзіміздің қоғамға, айналамыздағыларға қажет екенімізді қалай түсінуімізге болады?
1. Күнделікті, кем дегенде, үш адамға қуаныш сыйлаңыз. Ол үшін көп күштің де қажеті жоқ. Айталық, әріптесіңізге бүгін жұмысқа құлпырып келгенін айтыңыз немесе жасаған жұмысының жақсы шыққанын естісе де, ол мәз болып қалады.
2. Көбірек армандаңыз. Армандар орындалады! Арманы, алдына қойған мақсаты бар адамның жабырқауға да уақыты болмасы анық.
3. Күш-қуатыңызды бос әңгіме мен өсек-аяңға құртпаңыз.
4. Өмірдің қысқа екенін ұмытпаңыз. Алтын уақытыңызды біреуді жек көрумен өткізбеңіз.
5. Өз өміріңізді өзгелердікімен салыстырмаңыз. Оның басынан не өткергенін сіз білмейсіз де!
6. Өміріңізді өзіңіз ғана өзгерте алатыныңызды ұмытпаңыз. Өйткені өміріңіздің қожасы – өзіңіз.
7. «Білетініміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз» екенін есіңізден шығармаңыз. Мейлінше, көбірек кітап оқыңыз.
8. Өткенмен емес, болашақпен өмір сүріңіз.
9. Отбасыңыз – сіздің ең үлкен байлығыңыз екенін ұмытпаңыз.
10. Әр сәттің бағасын біліңіз. Қуана, жұртты қуанта біліңіз.
11. Өзіңізді жақсы көріңіз, құрметтеңіз. Сіз оған лайықсыз.
12. Уақыт – емші екені есіңізде болсын.
13. Қандай жағдай болмасын, жиі қуана біліңіз.
14. Өзгерістерге дайын болыңыз.
15. Өмір – қозғалыс екенін біліңіз. Ол бір орында тұрмайды.
16. «Не ексең, соны орасың» дегенді ұмытпаңыз. Сіздің әр ісіңіз өз алдыңыздан шығады.
Дереккөз : anabol.kz