Өз бақшамызда не саяжайымызда ең пайдалы қызанақтар пісетін жаз мезгіліне дейін әлі біраз уақыт бар. Сондықтан, жылыжайда өскенқызанақтарды дүкеннен сатып алуға мәжбүрміз. Қазір қызанақ қосылған жеңіл салаттар жегіміз келетін уақыт. Бүгінгі материалда табиғи қызанақтардың мезгілі жетпесе де, оның дәмдік сапасынан қателеспес үшін, оларды қалай таңдау керектігін айтамыз.
Қандай қызанақтарды сатып алу керек?
- Піскен қызанақтың сырты қатты әрі тығыз болуы керек;
- Балғын иіс қызанақтың жақсы екенін көрсетеді;
- Қызанақтың сырты зақымдалмаған болғаны жөн (шіріген дақтар, кеуіп кеткен қабық);
- Түсі тегіс болуы керек (жолақты сұрыпты қызанақтан басқа);
- Бұтағымен немесе жеміс сабағымен бірге сатылатын қызанақтар табиғи жолмен өскенін білдіреді.
Қызанақты таңдарда әрқайсысының салмағын салыстыру қажет. Қандай түрін сатып алу сіздің қандай мақсатқа қолдануыңызға байланысты. Егер қызанақ салыстырмалы түрде жеңіл болса, ішінде жұмсағына қарағанда сұйығы көп болады. Егер қызанақ тығыз әрі ауыр болса, жұмсағы көп, дәні аз болып келеді.
Қандай қызанақтарды сатып алудың қажеті жоқ?
- Егер қызанақтың жеміс сабағы ашық жасыл болса, жеміс әлі толықтай піспеген;
- Қызанақтың қабығында ақ жолақ болса, піспеген болуы мүмкін;
- Егер қызанақтың қабығы қатты қалың болса, оны нитратпен өсірген;
- Қызанақтан қышқыл иіс шықса, бүлінейін деп тұрғанын білдіреді;
- Піскен қызанақтан балғын иіс шығып тұрады. Қызанақ піспеген болса, тіптен иіс шықпайды немесе әлсіз иіс болады;
- Қызанақтың қабығы қатты жылтырап тұрса, парафинмен немесе балауыз негізінде жасалған құраммен өңделгенін көрсетеді (тауарлық түрін сақтау үшін қолданылады, жуғанға кетпейді. Мұндай қызанақ асқазан ауруына әкелуі мүмкін).
Дайындаған: Айдос Айгерім
Дереккөз: Vk.com