Үйді жылдам жинағыңыз келе ме? Кеңеске құлақ түріңіз.

291-1476219652-0476272d0b.jpg

 Кейде үй емес, өзіміздің бөлмемізді жинап шығу қиын іс болып көрінеді. Бөлменің іші шашылып, ластанатыны сонша, неден бастайтынымызды білмей қаламыз. Әрине, бұндай көрініс адамның үй жинауға деген құлқын түсіріп жібереді. Сол себепті, бүгін біз үйді жылдам әрі оңай жинауға көмектесетін бірнеше кеңестерімізбен бөлісеміз.

 

1. Үй жинауды ойынға айналдырыңыз

 Бөлмеңізді жинауға қиналсаңыз, оны ойынға айналдырыңыз. Ең алдымен 10 минут ішінде не істей алатындығыңызды ойланып көріңіз. Артынша ол рекордты өзгертуге тырысыңыз. Нәтижесінде өзіңізге кішігірім сыйлық жасаңыз. Сыйлық тәтті кәмпит немесе 5 минуттық демалыс болуы мүмкін. (Ойынның бұдан өзге де түрлері бар).

 

2. Шабыттандыру

- Жылдам ырғақты музыка тыңдап жүріп жинаңыз. Үй тазалауды бастамас бұрын, өзіңіздің ең сүйікті әуендеріңіз жинақталған дискіні қосыңыз. Орнына ұялы телефоныңыздағы жақсы көретін әуендеріңізді пайдалануыңызға болады немесе жәй ғана радионы қолданыңыз. Жайлы әуендерді ысырып қойыңыз. Олар көңіл-күйді түсіріп, адамды шаршатады.

- Музыка көмектеспеген жағдайда, аудиокітаптарды қосыңыз. Сіздің мақсатыңыз жылдам үй жинау болғандықтан, көңіліңізді басқа арнаға бұратын әуендерден аулақ болыңыз.

Дайындаған:Айдос Айгерім

Дереккөз: everything.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: