Сөмкеңіз дайын, киімдер жинаулы. Алда қызыққа толы саяхат күтіп тұр. Бұл сапарыңыз естен кетпес естелікке толы болу үшін тамаша танысулар мен жаңа адамдармен араласуды қажет етеді. Сондықтан да біз сіздерге тегін әрі тез тіл үйренудің 5 тәсілін ұсынамыз.
Тілдік кодты шешу
Тілді оңай үйренудің оңтайлы әдісі ең алдымен, сөз жаттаудан бастау. Көптеген шет тілдерінде белгілі принцип сақталған: бастауыш, баяндауыш және тағы басқалар. Сіздің ойыңызды өзгелер түсіну үшін етістіктің түрлерін жаттап алмай-ақ, етістік пен зат есімді неғұрлым көп біле түссеңіз, тілдесу оңайға соғады.
Күнделікті өзіңіз үшін сөздер жазып жүріп немесе телефоныңызға сөз жаттататын арнайы бағдарлама басып алсаңыз болады. Күніне 10 сөз жаттайтын болсаңыз, бір айда 300 сөз білетін боласыз.
Күнделікті қойылатын сұрақтар
Әлбетте, саяхаттағанда қайда баратыныңызды өзіңізде жоспарлап алған боларсыз.
Ең бірінші, қандай сұрақтар туындауы мүмкін?
Әрине, көшелердің, тағамдардың аты, шопинг үшін керек терминдер. Ұшақта отырып та бұл жұмыспен айналыссаңыз болады. Сондықтан, қолыңызда саяхатқа арналған сөздік кітабыңыз болсын, онда қажетті барлық ақпараттар бар, сонымен қатар, ұялы телефонда да саяхаттауға арналған сөздіктерді жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, сөздердің аудармасы мен айтылуы барысында ғаламтор пайдасын тигізері сөзсіз.
Хат алмасу
Әлеуметтік желілер селфи салу үшін ғана қызмет атқармайды. Сонымен қатар, шетелден өзіңізге достар тауып, олармен онлайн тілдесіңіз. Фейсбук, Твиттер желілерінен бөлек, тіл үйренуге арналған әлеуметтік жеілер де бар. Мәселен, Interpals сайты арқылы бұл мүмкіндікке ие боласыз, есесіне, саяхатыңыздың ерекше өтуіне ат салысатын достар да табылып қалар.
Өзіңіз жайлы кішкене ақпарат
Сіздің жаңа таныстарыңыз үшін сіздің кім екеніңіз, қайдан болатындыңығыңыз қызықты. Сондай-ақ, «Қазақстан» десе қазымырлана сұрап, қызығушылық білдіретіндер де аз емес. Сондықтан, өзіңіз жайында 3-4 сөйлем құрастырып алыңыз, ал елді мекеніңіз жөнінде маңызды деген ақпаратты дайындап алғаныңыз жөн.
Киноман
Шет тілін жетік білудің керемет тәсілі- субтитр арқылы фильмдер көру. Ғаламторда шет тілін үйренемін деушілерге арналған ойнлайн-кинотеатрлар легі бар. Жігітіңізбен немесе достарыңызбен кино қарағанда бір оқпен екі қоянды атуға болады.
Іске сәт!
Дереккөз : anabol.kz