Таза былғарыны жасандыдан ажырату

644-1476211697-7f1a6f453a.jpg

 Кейде жасанды былғары етікіті таза былғары етігімен шатастырып, «қап» деп қатты өкініп қалатын кездеріміз де болады. Дүкенге барғанда ажырата алмай, күмән, сенімсіздік те туып жататыны рас. Ендеше осындай кезде «әттеген-ай» демейтіндей, аңдап, ажырата білудің әдіс-тәсілдерімен таныс болыңыздар.

 Алдымен, тігісінен бастайық, таза былғары етіктерде былғарының жабық шетінде жібі, яғни тігісі болады. Одан басқа,етікті қолыңызға алып тұрып жылытып көріңіз. Қолдың жылуынан былғары етік тез ысиды,ал қолыңыз жылу сезбесе жасанды етік болғаны. Мүлдем болмай бара жатқан жағдайда бір әдіс бар: бұл етікті жандыру. Мұндай жағдайда, жасанды былғары ери бастайды, ал таза былғарымен ешнәрсе болмады, қорықпаңыз,ал оттың астында ұстайтын болсаңыз, етік аздап бықсуы мүмкін. Негізі, бұл әдісті қолданбаған да жөн. Былғарыдан жасалған заттарды бояу жағып көру арқылы тексеруге болады. Былғарының үстінен су сеуіп те тексеріп көріңіз, таза былғары қарайып барып өзінің реңін береді, ал жасандыны бірден аңғара аласыз. Таза былғары сөмкеңіз қыртысталып қалса түкті сүлгі қойып, үтікпен үтіктеп көріңіз.Егер таза былғары болса ол міндетті түрде үтіктеледі. Бірақ үтікті қатты қыздырмаңыз 

Саудаңыз сәтті болсын!

Дереккөз  : anabol.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: