Рухтың жасықтығынан қауіпті күнә мен қатер жоқ

photo_123973.jpg

Серафим Саровский: «Рухтың жасықтығынан қауіпті күнә мен қатер жоқ»

Серафим Саровскийдің 20 нақыл сөзі:

1) Өзіңді өзің сотта, сонда Құдай да сені соттамас. 

2) Жұмақ пен тозақ жерден басталады. 

3) Жан тыныштығыңды тапсаң, айналаңдағы мың адам сенен сая табар. 

4) Күнәңді жу, сонда дертіңнен айығасың, дерттің бәрі күнәң үшін беріледі. 

5) Жерде әулие боп өтсең де, Көкте жазалануың әбден мүмкін. 

6) Кім ауруына төзіп, алғыс айтып жазылса, бұнысы ерлікке пара-пар саналмақ. 

7) Нан мен тұзға ешкім мін таққан емес. 

8 ) Сыпыртқы сатып алып, баспанаңды сыпыр, баспанаң тазарған соң жан дүниең де тазара бастайды. 

9) Ораза мен дұғадан асқан парыз – мойынсұну, екі қолға бір күректі алу. 

10) Рухтың жасықтығынан қауіпті күнә мен қатер жоқ.

11) Ақиқи сенім іспен дәлелденеді: шын сенген адамның қолынан іс келеді. 

12) Егер пенде баласы Хақ тағаланың о дүниеде не дайындап қойғанын білсе, жер бетінде құрт-құмырсқамен бір үңгірді мекендер еді. 

13) Мойынсұну бүкіл әлемді бағындырады. 

14) Жасықтығыңнан құтыл. Қайғыра бермей, күліп жүруді үйрен. 

15) Қуаныштан адам кез келген нәрсені жасай алады. Ішкі жасықтықтан – түк те тындыра алмас. 

16) Әлемді жауыздық буып тұр. Мұны біліп жүр. Шамаң келгенше күресіп үйрен. 

17) Егер шаңырақ шайқалса, мемлекет құлайды, халық азады. 

18) Құнарлы топыраққа дән ек, құмға да ек, тасқа да ек, жүріп өткен жолыңның бәріне жақсылықтың дәнін ек: бірі болмаса бірі өнер, уақыты келгенде жемісін берер. 

19) Басшы адамда тек әкелік емес, аналық мейірім де болуы керек.

20) Мың адаммен тату бол, мыңның біріне ғана сырыңды аш. 

Аударған Шынар Әбілдә


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: