Мінсіз болып көрінуден сақтаныңыз. Ең бастысы – өз мақсатыңызға жету

idealnij-paren-kakim-on-dolzhen-bit.jpg

Мақсатқа жетуге кедергі келтіретін нәрселерге тым көп көңіл бөле берсеңіз, өмірдің шын бақытынан қағыласыз. Сомен, бүгіннен бастап:

• Шағымдануды доғарыңыз. Өмірім тас-талқан болды дей бергенше, оны түзеуді қолға алыңыз.

• Ренжімей өмір сүріңіз. Біреуді кешіргенде – сіз оны ол адам үшін ғана емес, өзіңіз үшін де жасап жатырсыз. Ашу мен реніш – адами болмысты шірітетін қасиеттер, олар барда сіз толық бақытқа қол жеткізе алмайсыз. 

• Күтуді доғарыңыз. Егер бүгін бастамасаңыз, ертең бітірмейсіз. Білім, зияткерлік, қасиет - қолданбаса, еш пайдасы жоқ. 

• Керек емес заттарды сатып алуды доғарыңыз. Қаржыңызды дұрыс жұмсаңыз. Әйтпесе, сізді ақша басқарып кетеді. Өзгеге ұнау үшін алатын заттарға сатынбаңыз. Сіз онсызда құны жоқ адамсыз. Зат деген сізді әдіптейтін бұйым ғана. 

• Бәрін өзім білемге салмаңыз. Бір бас – жақсы, екі бас – одан артық екенін ескеріңіз. Көмек сұраудан арланбаңыз. Керек кезде көмектескісі келген адамның қолын қақпаңыз. Жалғыздың шаңы шықпас. Бірлесе істеген істің нәтижесі айтарлықтай болмақ. 

• Мінсіз болып көрінуден сақтаныңыз. Ең бастысы – өз мақсатыңызға жету. Мінсіздіктің оған еш қатысы жоқ. 

• Өзгені айыптаудан сақтаныңыз. Мақсатыңыздың орындалу деңгейі мойныңызға жүктей алар жауапкершілік дәргейіңізге тәуелді. Бақытсыздығыңызға өзгені кінәласаңыз, жауапкершіліктен бас тартқаныңыз. Ендеше өз өміріңізді қадағалай алмағаныңыз. 


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: