Күні бойы сергек жүруіміз, әрі денсаулығымызды да сақтау үшін мына сусынның тигізер пайдасы мол. Сондықтан таңертең кофе емес, осы сусынды ішіп жүріңіз:
1. Лимон + жалбыз. Жалбыз табиғи антибактериалды өсімдік болса, лимон күш-қуат беріп, иммун жүйесін нығайтады. Сусынды дайындау үшін жалбыз жапырақтарының үстіне қайнаған су құйып, жарты лимонның шырынын қосасыз.
2. Лимон + анар. Анар – күнделікті тұтынуымыз тиіс дәрумендердің 40 пайызын құрайды! Қабынуға қарсы қасиетке ие болғандықтан тұмау, суық тию т.б вирустық ауруларды болдырмайды.
3. Лимон + зімбір. Зімбір зат алмасуды, асқорытуды жақсартып, иммунитетті нығайтады. Зімбір тамырының аз бөлігін майдалап турап үстіне қайнаған су құйып, лимон шырыннын қосыңыз. Бал қосып, сусынды тәтті етіп алсаңыз болады.
Денсаулығыңыз мықты болсын!
Дерккөз: http://www.jastar.kz