Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз...

343594.jpg

Кім ғұмырын ұзартқысы келмейді? Дәрігерлер аталмыш мақсатқа жету үшін мынадай кеңестерді ұсынады:

1. Жаман әдеттен құтылу

Өміріңізді ұзартқыңыз келсе темекіден, арақ-шараптан бас тартуға тура келеді.


2. Артық салмақтан арылу

Артық салмақ жүріс-тұрысты қиындатып қана қоймай, тамыр жолдарына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар артық салмақтың кесірінен диабетпен ауруыңыз мүмкін.


3. Қимылдау

Жүгіру, гимнастика, би, теннис, велоспорт, жүзу немесе жай ғана жүрудің өзі денсаулығыңызды мықты етуге әсер етеді.


4. Ойлау қабілетін нығайту

Ойлау қабілетіңіз жоғары болса есте сақтау мен дұрыс шешім қабылдай білу қабілетіңіз мықты болады. Кроссворд шешіңіз, пазл жинаңыз, жұмбақ шешіңіз, әртүрлі логикалық ойындарға қатысыңыз.


5. Дұрыс тамақтану

Мейлінше көбірек грек жаңғағын жеп тұрыңыз, ол қан тамырларын тазартып, сақтайды. Мамандар аптасына 5 грек жаңғағын жеуге кеңес береді. Ал ағылшын ғалымдары көбірек алма жеуді ұсынады. Күнде алма жеп тұрсаңыз, өміріңізді үш жылға дейін ұзарта аласыз.


6. Күлу

Біз «күлу – өмірді ұзартады» дегенді жиі естиміз. Жалпы, оптимистік көзқарас пен позитивті көңіл-күйдің денсаулыққа пайдасы мол екенін ғалымдар сан түрлі жолмен дәлелдеді.


7. Антиоксидантпен тамақтану

Антиоксиданттар қартаюды бәсеңдетеді. Олар жасушаны нығайтып, әртүрлі органикалық байланыстарды қышқылданудан сақтайды. Антиоксиданттар орамжапырақ, шабдалы, құлпынай, сәбіз, өрік, көк шай, мүкжидек, анар мен балықтың құрамында болады.

Өмірді ұзартудың тағы қандай жолдары сізге таныс?



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: